Мәскеудегі Wildberries кеңсесінде атыс болып, екі адам қаза тапты: Кәсіпкер Татьяна Бакальчук бұны экс-күйеуінің ісі деп айыптады
Wildberries компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Татьяна Бакальчук Мәскеудегі кеңсені рейдерлік жолмен басып алмақ болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ria.ru
Татьянаның айтуынша, кеңсеге шабуыл жасау оның күйеуі Владислав Бакальчук, Сергей Ануфриев пен Владимир Бакиннің басшылығымен болған. Қақтығыс салдарынан Wildberries кеңсесінің екі күзетшіcі қаза тапты. Атыста екі полиция қызметкері жараланған.
Қазір оқиғаға қатысы бар 28 күдікті ұсталған.
"Қарулы топ келген келіссөздер туралы мәлімдеме сандырақ болып көрінуі мүмкін. Өйткені ешкім мүлдем келісімге келген жоқ", – деп жазды Бакалчук.
Ол бұл оқиғаны рейдерлік шабуыл деп бағалайтынын айтып, құқық қорғау органдарын қоғамдық тергеу жүргізуге шақырды.
Бұған дейін БАҚ-та Wildberries Мәскеудегі кеңсесінде атыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл кезде Владислав Бакальчук кеңседе қойма құрылысын тоқтату мәселесі бойынша келіссөздер кезінде өзіне және оның командасына шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Владислав Бакальчук Wildberries кеңсесіне келген өз адамдарының қарусыз болғанын айтты. Ал компанияның баспасөз қызметі оқ жаудырғандардың Владислав Бакальчуктің адамдары екенін мәлімдеді.
"Менде бәрі жақсы, анықтап жатырмыз. Нақты ақпарат күтіңіздер", – деді Владислав.
“Менің қатты өкінетінім, Wildberries-ге қарулы шабуылдың салдарынан кеңсеміздегі қауіпсіздік қызметкері қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстарына өз атымнан және компания атынан шын жүректен көңіл айтамын. Біз міндетті түрде отбасына барлық қажет көмекті көрсетеміз”, – деп жазды Татьяна желідегі арнасында.
Фото: ТАСС
Татьяна Бакальчуктың күйеуі Владиславпен ажырасуы биыл ақпарат беттерінде ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Wildberries негізін қалаушының айтуынша, олардың ажырасуына қиын отбасылық қарым-қатынастар, соның ішінде күйеуінің "дөрекі мінез-құлқы" себеп болған.
Татьянаның айтуынша, олардың некесінде эмоциялық ауытқулар болған және күйеуі оған, балаларына және анасына қатысты жағымсыз әрекеттерге жиі жол берген. Ол тұрмыстық қақтығыстарды және қанағаттанарлықсыз жағдайларға қарамастан, ұзақ жылдар бойы отбасы үшін өзін құрбан еткенін айтты.
Сонымен қатар жанжал ерлі-зайыпты арасындағы Wildberries-ді сыртқы жарнама операторы Russ-пен біріктіру туралы келіспеушіліктердің салдарынан өршіп кетті.
2024 жылдың маусымында Wildberries Amazon және Alibaba-мен бәсекеге түсе алатын үлкен цифрлық сауда платформасын құру үшін Russ компаниясымен бірігу жоспарын жариялады. Татьяна Бакальчук бұл келісімді белсенді түрде алға тартты, бірақ Владислав оған қарсы болды. Ол Russ бірігу компаниясына кері әсер етеді деп есептеп, бұл шешімге көпшілік алдында наразылығын білдірді. Бұл ерлі-зайыпты арасындағы ашық қақтығыстың себебі болды. Владиславтың сөзінше, Татьяна біріктіру туралы ойды әуел бастан-ақ білген.
Еске салайық, бұған дейін 13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Wildberries қоймасында өрт болғанын жаздық. 70 000 м² аумақтағы өрт локализацияланған. Жалын кезінде ғимаратта кем дегенде 1000 адам болған. Жексенбіде компания Шушарадағы қойма қызметкерлерінің туыстарына сенім телефонын ашқанын хабарлады. Алайда сол кезде 54 қызметкер хабарсыз кеткен.