Мәскеу мэрі қалада мобилизацияның аяқталғанын және әскерге шақыру тоқтатылғанын хабарлады
Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин Мәскеуде әскери міндеттілерді мобилизациялау жұмыстары аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының Жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы негізінде белгіленген ішінара мобилизациялау бойынша тапсырмалар толығымен орындалды. Мобилизацияға қабылдау пункттері 17 қазанда сағат 14.00-де жабылды. Шақыру қағаздары тұрғылықты жерлерге жіберілді", - делінген мэрдің сайтында.
Сергей Собянин қала тұрғындарына жауапкершілік, борыш сезімі және патриотизм үшін алғысын білдірді. Ол қала басшылығы әскери қызметшілерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады деп сендірді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"