Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімовтің қызметтік сатыда жоғарылауына Тоқаевтың өзі көмектескен, бірақ кейін бұл әрекетіне өкінген - Млечин

Мәсімовтің қызметтің сатыда жоғарылауына Тоқаевтың өзі көмектескен, алайда қаңтар оқиғаларынан кейін бұл әрекетіне өкініп қалған. Бұл жөнінде ресейлік журналист Леонид Млечин "Қайғылы қаңтар" кітабында жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев+Масимов

Кітапта Тоқаевтың Кәрім Мәсімовпен алғаш рет Қытайда жолыққаны жайлы сөз болады.

"1990 жылы Қытайдағы КСРО елшілігінің ғимаратында маған бір жігіт келіп, оның Ухань университетінің студенті екенін, ол жерде қытай тілін оқып жатқанын айтты. Содан кейін ұялыңқырап тұрып: "Мен сіздің портком мүшесі екеніңізді білемін, маған КПСС-ке өту ұсыныс қағазын жазып бере аласыз ба?" деді. Менің "партия ыдырап, кеңестік қоғамдағы жетекші саяси күшінен айырылып қалды" деген ескертуіме Мәсімов партия мұратын нығайтуға үлес қосқысы келетінін нық сеніммен айтты. Осылайша мен оның "партиялық өкіл әкесі" атандым. Ал Қазақстанға оралғаннан кейін Мәсімов Тимур Құлыбаев пен оның әйелі Динара Назарбаева сатып алған "Халық банкін" басқарды", - деп жазады журналист.



Оның айтуынша, Тоқаев 1999 жылы қазанда премьер-министр болған уақытта Мәсімовті Көлік және коммуникация министрі қызметіне шақырғанын есіне түсіргенді ұнатпайды.

"Тоқаев былай түсіндіреді: - Оның өз командасы болмаған, ал ол қарапайым, қабілетті жігіт болып көрінген. Кейін оның көптеген достары Мәсімов туралы дәл осылай айтатын болады. Қазақстанның жоғары лауазымдарында жұмыс істей отырып, ол шетелдік элитамен пайдалы байланыстар орнатумен белсенді айналыса бастаған. Мәсімов қамауға алынғаннан кейін беделді адамдар оны қорғауға шығып, Батыс құндылықтары мен демократияны жақтаушы, Қазақстандағы Ресей мен Қытай ықпалына қарсы күрескен азаматты дереу босатуды талап еткен. Ал Ресейде ол Батыстың Қазақстанға зиянды ықпалына қарсы шыққан мәскеушіл адам саналған...", - делінген кітапта.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов қаңтар айының басында мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған. Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі құпия болып, сот оларды қамауға алуға санкция бергенін хабарлады. 10 наурызда департамент Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен қымбат көліктер туралы айтты. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шілденің 13-і күні Кәрім Мәсімовтің ағасы, Павлодар облысы бойынша ДП-ның бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов Ресеймен шекаралас аймақта ұсталды.

Айта кетейік, Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты сот отырысы жабық жағдайда өтеді деп күтілуде.

Тамыз айының соңында Мәсімовке қатысты тергеу аяқталды. Бұған дейін ҰҚК экс-басшысының ісі сотқа жіберілгені белгілі болған.

Талқылау