Жазаны жеңілдетудің қажеті жоқ – Ішкі істер министрлігі мас күйде көлік жүргізгендерге қатысты
Ішкі істер министрлігі ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімін қысқарту туралы бастаманы қолдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
"Мас күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікті жеңілдетудің қажет емес. Ешкімнің басқа адамдардың өміріне қауіп төндіруге құқығы жоқ”, – деп атап өтті ол.
Сенаторлар мас көлік жүргізушілеріне жазаны жеңілдету жайлы ұсынысты талқылауға дайын
Сұлтанбаевтың айтуынша, кейбір елдерде мұндай құқық бұзушылыққа жауапкершілік әлдеқайда қатаң. Мысалы Жапонияда мас жүргізушіге ірі көлемде айыппұл салынып, түрмеге жабылады. Қытайда бес жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Алайда егер мас күйде көлік жүргізу салдары апатқа алып келсе, жүргізуші өлім жазасына кесіледі.
"Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда "мас күйде" көлік басқарғаны үшін жауапкершілік аса ауыр емес деп айтуға болады. Қазір белгіленген жауапкершілік – тиімді алдын алу шараларының бірі. Ол аталған заң бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келеді және жол апатының алдын алады”, – дейді ол.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Николай Арсютин ішкі істер министріне депутаттық сауал жолдап, елде мас күйде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны жеңілдету жөнінде бастама көтерген еді. Ол қазіргі заңдағы жазаны “әлемдегі ең қатал жаза” деп атады.