Мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған әкім арақты мәжбүрліктен ішкенін айтты
Оралда мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан ауыл әкімін тәртіп сақшылары ұстаған.
Бұл туралы uralskweek.kz хабарлайды.
Круглоозерный ауылының әкімі Салтанат Ескендіров өткен аптада ғана ішімдік ішіп көлік айдағаны үшін аудан басшылығынан қатаң сөгіс алған. Сонысына қарамастан ол әлі қызметін жалғастырып жүр. Бірақ, ауыл бастығы арақты өз еркіммен ішпедім дейді.
“Өткен жылдың күзінде мен құдалыққа кіші құда болып бардым. Құдалық кезінде маған іш деп қоймады. Мен барынша тартынып, ішпеуге тырысқаныммен ақыры болмай, бір рюмка арақ іштім. Сағат кешкі онға таман үйге қайттым. Петровский көшесінде мені жол инспекторлары тоқтата бастады, бірақ ол кезде күн қараңғы болғандықтан мен оларды бірден байқамадым. Ал тоқтаған кезде олар мені біздің белгімізге құлақ аспадыңыз деп кінәлады”, – дейді әкім.
Ауыл басшысының бұл әрекеті жемқорлыққа қарсы бюроның баспасөз хабарламасында “полиция қызметкерлерін сыйламау” деп көрсетілген.
Салтанат Ескендіровтың сөзінше, медициналық анықтамада шенеуніктің жеңіл мас күйде екені айтылыпты. Ер адам 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.
Оқи отырыңыз:
Атырауда бағасы 6 миллион теңге тұратын балық ауланды
Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ
Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді