Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мас болдым": Сүйіктісінің атына өз мүлкінің жартысын аударған ақтөбелік кері қайтаруын сұрап сотқа жүгінді

Ақтөбеде тұрғын сүйіктісіне мүлкінің жартысын бергеніне өкініп, сотқа берді. Атап айтқанда ол қаңтар айында нотариус арқылы гараж, екі пәтер, екі саяжайдағы және үш бақшадағы үйлерді, сондай-ақ қаланың көрікті жеріндегі жер телімі мен сауда алаңының жартысындағы үлестерін ғашығының атына тіркеген. Ер адам бұл әрекетін сотта мастықтың әсерінен жасағанын айтып ақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі time.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше күннен кейін ер адам бұл әрекетіне өкінгендей болып, №3 қалалық сотқа шағымданған. Онда ол барлық сыйға тартылған акцияларды қайтаруды өтінген. Айтуынша келісім-шарттарды орындау кезінде ол мас болған екен. Талапкер сотқа “мас болдым” деп құжаттарды мазмұнына мүлде қарамай рәсімдегеніне сендірді. Сондықтан бұл құжаттарды заңсыз деп тануды сұрады.

Осы аралықта сот талапкердің айтқанын тексеру мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады. Оның нәтижесі қолжазбасы мен қолтаңбасын өзі жасағанын және оны шатастыратын алкогольдік мастыққа тән белгілердің жоқтығын көрсетті.

Талқылау