Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңызды жекпе-жек алдындағы шу:Танымал боксшының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото:Mma.metaratings.ru

Кәсіпқой боксшы, WBA чемпионы Джервонта "Танк" Дэвиске маңызды айқас қарсаңында қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

BoxingScene сайтының хабарлауынша, АҚШ-тағы Майами-Дейд округінің сотына спортшының үстінен шағым түскен.

Дэвиске адам ұрлау, ұрып-соғу және моральдық қысым көрсету баптары бойынша айып тағылып отыр. Арызды боксшының сүйіктісі Кортни Россел жазған.

Оның айтуынша, Дэвис Флорида штатындағы түнгі клубтардың бірінде оны тұншықтырып, итеріп, желкесінен ұрған. Осылайша, Джервонта Дэвис 14 қарашада Джейк Полмен өтетін маңызды жекпе-жек алдында құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Бұл жағдай айқастың кейінге шегерілуіне немесе мүлде өтпей қалуына себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл — спортшының үстінен қозғалып отырған алғашқы іс емес. Бұған дейін жыл басында Дэвиске тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша тергеу жүргізілген. Сол оқиғадан кейін оның Ламонт Роучпен өтетін жекпе-жегі де кейінге қалдырылған еді.

Джервонта Дэвис кәсіпқой бокста 30 жекпе-жек өткізіп, оның 28-інде нокаутпен жеңіске жеткен. Бір бәсекесі тең аяқталса, бір рет жеңілген.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 18:04
Талқылау