Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау тұрғыны өзін полицеймін деп хабарласқан алаяққа 100 мың теңге берген

Маңғыстау облысында белгісіз біреу кезекті рет телефон арқылы алаяқтық жасаған. Бұл жолы Құрық ауылының 60 жастағы тұрғыны зардап шеккен.

997900821

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Полицейлердің мәліметінше,  оқиға 3 сәуір күні болған. Қарақия ауданының ІІБ-на жергілікті тұрғын хабарласып, алаяқтың алдауына түсіп қалғанын айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, сол күні оның ұялы телефонына ер адам хабарласқан. Өзін полиция капитанымын деп танысырған ол әйелдің ұлы суық қару сақтағаны үшін қамауға алынған деп жалған ақпарат айтқан. Сондықтан өзінің телефоны мен есепшотына 50 мыңнан 100 мың теңге жіберу керектігін айтқан.

Оны естіген ұлдың анасы ақпаратты тексерместен «жалған полицейдің» айтқанын орындауға асыққан. Кейіннен ұлына хабарласқаннан кейін ғана өзінің алаяққа алданып қалғанын білген.

Соңғы екі апта ішінде бұл Маңғыстау облысында болған екінші оқиға. Қазір полицейлер алаяқты іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, тұрғындардан жақындары мен үйіндегі қартаң адамдарын осы жайлы хабардар етуін, олардың да алаяқтардың алдауына түсіп қалмауын сұрайды.

Талқылау