Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау тұрғыны өз әйеліне тіл тигізгені үшін сотты болды

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Теңге аулының тұрғынын кінәлі деп тапты. Ер адам өз әйеліне тіл тигізгені үшін ескерту алды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Маңғыстау тұрғыны өз әйеліне тіл тигізгені үшін сотты болды

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлімі бойынша (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) кінәлі деп танылды.

«Сот азамат К. өз үйіне келіп, әйеліне былапыт сөздер айтып, тіл тигізгенін анықтады. Сот К-ны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, ескерту түріндегі әкімшілік жазасын тағайындады», – деп мәлімдеді Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте жеміс-жидек сататын дүкендегі көкөніс пен жеміс атаулары жұртты күлдірді (фото)

Қазақстанның 5 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық оқушы Эйнштейн сабақ берген әйгілі университетке қабылданды

Оралда жүктілігіне қауіп төніп, ауруханада жатқан әйелді тергеу изоляторына алып кетті

Талқылау