Қазақстандық оқушы Эйнштейн сабақ берген әйгілі университетке қабылданды

Павлодарда мектеп бітіргелі отырған Әмір Мұхаммед-Әли АҚШ-ғы Принстон университетіне қабылданған. Бағдарламалау және инжиниринг факультетінде оқымақ. Математика мен физикадан сынықтарды оңай тапсырған. Ал ағылшын тілінен қиналған, себебі жай сауаттылық емес, ағылшын тілінде ойлай алу қабілеті тексерілген.

Әмір Мұхаммед-Әли

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Бұл университет әлемдегі ең үздік жетілікке кіретін білім ошағы. Әмір тәулігіне 7-8 сағат дайындалып ғана қоймай, белгілі ғалымдардан қашықтықтан кеңес алған.

Мектебіндегілер де Әмірді ерекше тұлға деп мақтап отыр. Баланың бойында ұшқынның барын әу-бастан байқаған жанның бірі – сынып жетекшісі Күлкен Қабылова. Әмірді алғаш көргеннен «ерекше» жеткіншек екенін аңғарған.

«Ол өте қарапайым. Кез келген уақытта көмек сұраған жолдастарына көмектесуге тырысады. Және бір жақсы жері оның адамгершілік қасиеті өте жоғары. Білім мен тәрбие егіз деп айтады ғой. Баланың білімі де бар, тәрбиесі де сондай жоғары. Ата-анасы ұстаз болғаннан ба, жоқ әлде баланың өмірге деген құлшынысы ма, бірден айтқаңынды қағып алады. Және содан айнымауға тырысады. Және бір рет жасаған қатесін қайтіп қайталамайды», – дейді Әмір Мұхаммед-Әли оқитын сыныптың жетекшісі Күлкен Қабылова.

Мұғалімдері Әмірдің күрделі ситуативті тапсырмаларды стандартты шешпейтінін айтады. Ол биыл математикадан республикалық олимпиадада төртінші рет жеңімпаз атанды. Былтыр да, алдыңғы жылы да халықаралық олимпиадалардан алтын медальдар алған (Былтыр Риода, алдыңғы жылы Гонконгте өткен.)

Бір қызығы, Әмір Мұхамед-Әли жетістігіне көңілі тола қоймайды. «Арманым ең үздік саналатын Массачусетс технология институты болатын», дейді жас дарын.

Ұстаздар отбасында дүниеге келген оның математикаға деген құлшынысы мектепке барғаннан байқалған. Ал 6-ншы сыныптан тиянақты дайындала бастаған. Өсе келе бұл пән тек олимпиадалық жеңістер мен хобби емес, мақсатқа жетудің бір құралы екенін түсінеді.

Әмір қысқа қайырды – мақсатым, Құрама Штаттарда терең білім алып, тәжірибе жинау. Ал елге қайтып оралу… Бұл Әмір үшін күрделі сұрақ.

«Мен елімді жақсы көремін. Бұл менің туып-өскен жерім ғой. Дегенмен объективті ойланып көрелікші. Шын мәнінде қазақстандық жоғарғы оқу орындары АҚШ университеттерімен салыстырсақ, көш соңында. Ал мен өзімнің потенциалымды бағаланбайтын бағытқа бекер шашқым келмейді. Керісінше, толықтай пайдалансам деген мақсатым бар. Егер «ақылды балалар» елде қалатын болса, олар ағартушылықпен айналысар еді. Яғни, басқаларды үйретеді. Өйткені білімді бөлісу керек. Ал, «ақылды бала» Қазақстанда қалу үшін оны бұл жақта бір нәрсе тартып тұруы керек. Ойыма түсіп тұрғаны – еңбекақы…», – дейді Павлодар облыстық «Жас дарын» мектебінің 11-сынып оқушысы Әмір Мұхаммед-Әли.

Әмір енді Альберт Эйнштейн сабақ берген, америкалық саясаткерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері оқыған университетке кетеді.

Оқи отырыңыз:

Оралда жүктілігіне қауіп төніп, ауруханада жатқан әйелді тергеу изоляторына алып кетті

Көкшетауда жыныс мүшесі жоқ қыздың отбасына пәтер сыйлады

Олимпиада чемпионы сотта «Ағайынды төртеудің» жетекшісін қорғап сөйледі

Канело, кетші әрі: Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр