Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жүктілігіне қауіп төніп, ауруханада жатқан әйелді тергеу изоляторына алып кетті

Оралда жүктілігіне қауіп төніп, ауруханада жатқан есепші Элеонора Пакты тергеу изоляторына алып кетті.

Элеонора Пак

Сурет: Уральская неделя

Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысында Зачаган аулының тұрғыны «КазТехноГаз» компаниясынан ақша ұрлады деп айыпталып, қылмыстық іс қозғалды. Ал есепшінің адвокатының сөзінше, бұл қорғауындағы Элеонора Пак «қос бухгалтерия» жүргізуге келіспегендіктен, әдейі өш алу үшін жасалып отыр.

Сот санкциясы бойынша, Элеонора Пак тұтқындалды.

Қазіргі уақытта әйел жүктілігінің төртінші айында. Оның жүктілігіне қауіп төнгендіктен, Темір жол ауруханасына жатқызылған.

13 сәуірде медициналық мекемеде көшпелі сот отырысы өтіп, есепшіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шаралары өзгеріссіз қалдырылды.

Дәл осы күні әйелді қалалық көп бейінді ауруханаға қабылдамағандықтан, полицейлер оны тергеу изоляторына алып кетті.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда жыныс мүшесі жоқ қыздың отбасына пәтер сыйлады

Олимпиада чемпионы сотта «Ағайынды төртеудің» жетекшісін қорғап сөйледі

Канело, кетші әрі: Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (видео)

Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін

Талқылау