Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық дәрігерлер сәбидің денесіндегі үлкен ісікті алып тастады

Маңғыстауда бір жасар баланың денесінен үлкен көлемдегі ісік алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаевқа сілтеме жасап. 

бала

Сурет: facebook.com/azamat.sarsenbaev

«18 шілде күні Бейнеу ауылынан облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2018 жылғы қыз санавиациямен ауыр халде жеткізілді. Артық салмақ, жүрек айну, іштің үлкеюі сынды шағымдары болды», - деп жазды Азамат Сәрсенбаев желідегі парақшасында. 

Дәрігерлер тексеріс жүргізіп, кейін ішек қызметінің бұзылғанын анықтады. 19 шілдеде балаға 2,5 сағатқа созылған күрделі ота жасады. Нәтижесінде оның денесінен мамандар үлкен көлемдегі ісікті алып шықты. 

«Отаның күрделі болғанымен қоймай, бала одан кейін бір аптадай жансақтау бөлімінде аппаратқа қосылған күйде жатты. Бақытымызға орай, Маңғыстау облыстық аурухана дәрігерлері сәбидің өмірін құтқарып қалды. Дәл қазір баланың жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді баспасөз хатшысы. 

дәрігерлер

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде мамандардың жақсы сөзге тұралық екенін жарыса жазды. 

Талқылау