Басты жаңалықтар
Маңғыстауда үш баласы мен анасы іздестірілуде
Маңғыстау облысының тұрғыны Дилбара Тілеулесова кәмелетке толмаған үш баласымен Шымкентке пойызға мініп, із-түссіз жоғалып кетті.
Полиция қазақстандықтардан оларды іздеуге көмектесуін сұрайды. Lada.kz жазғандай, Маңғыстау станциясындағы полицияның желілік бөлімінің хабарламасы бойынша, Тілеулесова 30 шілдеде үш баласымен пойызбен Шымкентке бармақ болған, бірақ отбасы белгіленген станцияға жетпеген. Туыстары дабыл қағып, тәртіп сақшыларына жүгінді.
30 шілдеден бастап дәл сол уақыттан бері ана мен бала туралы ақпарат жоқ екені айтылады.
"Оның қасында кәмелетке толмаған үш бала бар, олардың біреуінің туғанына небәрі 40 күн ғана болған. Дильбара мен оның балалары туралы ақпарат білетіндер 8705 7700438, 87016606096 немесе 102 телефон нөміріне хабарласа алады", – деп хабарлады полиция бөлімінде.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған