Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда теңізден құтқарылған қыздардың оқиғасы: ТЖМ қыздардың жазаланатынын айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Каспий теңізінде құтқарылған қыздардың жазаланатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Маңғыстау облысында матрасқа мінген үш қызды толқын теңізге қарай ағызып әкеткен еді. Дәл осындай жағдай кейіннен Қапшағайда да орын алды. Мұндай жағдайға тап болған жандарға қандай шара қолданылады? Бұл жағдайда адамдарды жазалау керек пе?" – деп сұрады журналистер.

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бұған жауап ретінде Маңғыстау облысындағы оқиғаға қатысты жазалау шаралары қолға алынғанын түсіндірді.

"Қыздардың ағасы балаларды қараусыз қалдырғаны үшін 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Ерасыл Сайпаш.

Айта кетейік, Қазақстанда матраспен бірге ашық теңізге ағып кеткен үш қыздың оқиғасы әлі күнге дейін қызу талқылануда. Бірнеше күн бұрын құтқарылған қыздардың бірі оқиғаны өз нұсқасы бойынша айтып берген еді. Ал Маңғыстау облысы ТЖД брифинг өткізіп, оның қызметкерлері жағдайға байланысты тағылған айыптарға жауап берген еді.
 

Талқылау