Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда көлік жаяу жүргіншілер жолында баланы қағып кетті (видео)

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылында автокөлік жаяу жүргіншілер жолымен өткен баланы қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Аудандық полицияда жол-көлік оқиғасының 14 наурызда Маңыстау ауылындағы "Келдаман" сауда орталығы маңында болғанын айтты. 

Opel Vectra көлігінің жүргізушісі 6 жастағы қызды қағып кеткен.

"Зардап шеккен бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды. Көлік жүргізушісіне 610-баб 2-бөлігі және 611-бабтың 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полициядағылар.

Назархан Уән
Сейсенбі, 15 Наурыз, 2022 07:21
Талқылау