Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Казино мен атқа қатысты дауға қалған: Маңғыстау облысы полиция департаменті басшылығына Аян Дүйсембаев тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды. Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі лауазымында жұмыс істей бастады”, – деді басылымда.

2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы Департаменттің бастығы қызметін атқарды. 2019-2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Жаңа лауазымына дейін ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, Аян Дүйсембаев 2019 жылғы мамырда Атырау облысының полиция департаментінің басшылық қызметінде даулы оқиғаға тап болып, орнынан босатылған. Cол кезде оны "қызметтік этиканы бұзғаны үшін" деген себеппен ресми түрде босатқан.

Жоғары шенді полиция бүкіл елге өзіне жылқы сыйлап жатқан видеодан соң танылып кетті. 

Кадрларда Дүйсембаев Атырау облысының полиция департаментінің басшысы қызметінде жүргенде олардың арасында әскери киім кигендері бар жиналғандардың қошеметімен, аттың үстіне ырғып түседі. Өңірдің полиция басшысының тұрпайы әрекеті халықтың тарапынан наразылық туғызды. Сондай-ақ 2018 жылы ПД басшысы казино ойнап жүрген жерінен видеоға түсіп қалып, қазақстандықтардың сынына қалған. 

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Ақпан, 2022 13:47
Талқылау