Мәнерлеп сырғанаушы серіктесін көтере алмай, 2 метр биіктіктен құлатып алды (видео)
Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Тимоти Ледук серіктесі Эшли Кейнді төбесіне көтеріп, ұстап қала алмады. Ол серіктесін екі метр биіктіктен мұздың үстіне құлатып алды.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Чемпионат” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс оқиға Хорватияда өтіп жатқан Golden Spin жарысы кезінде орын алған.
23 жастағы спортшы қыз есінен танып қала жаздады. Бірақ көп ұзамай есін жиып, өнерін әрі қарай жалғастырды. Сахна аяқталғаннан кейін Эшли дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Оның мойнына фиксатор кигізілді. Ал нәтиже жарияланған сәтте бойжеткен мұз толы пакетті басына қойып отырды.
Кейіннен Кейн ауруханадан шыққанын, әрі қарай үйде емделетінін айтты.
“Қолдауларыңыз бен махаббаттарыңызға рақмет”, – деп жазды спортшы өзінің желідегі парақшасында.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау