AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушыға мамандық таңдағанда қалай көмектесе аламыз?

Оқушы мамандық таңдаған кезде профориентацияның көмегі қаншалықты тиеді? Мамандық таңдауда нені ескеру керек? Ата-аналар бұл тұрғыда балаларына қалай көмектесе алады? Бұл сұрақтарды біз осы саланың  маманы Видади Мирзаевтен сұрап білдік. 

 – Видади мырза, кәсіптік бағдар беру неден басталады? Оның маңызы қандай?

 – Кәсіптік бағдар беру (профориентация – ред.) адамның басым қабілеттерін ұғыну арқылы қандай қызығушылықтары бар екеніне және қоғамға қалай пайдасын тигізе алатындығына байланысты жасалады. Кәсіптік бағдар алу үшін қойылатын белгілі бір жас шектеулері жоқ. Қанша жаста болсаң да өзіңнің қабілетіңе сай келетін саланы таңдау құқығы бәріне бірдей беріледі. Өйткені әлем өзгеруде, сәйкесінше адамдардың қызығушылығы да күннен-күнге мың түрге бөлінуде. Сондықтан жұмыс істеп жүрген саланы, мамандықты кез келген уақытта өзгертуге бәрінің құқығы бар. Біз мансап пен мамандықтың екі ұғым екенін түсінуіміз керек.

 – Кәсіптік бағдар беру қалай жүргізіледі? Қандай-әдіс тәсілдер қолданылады? 

– Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарының басты мақсаты – тұлғаның қандай салаға бейімді екенін анықтау. Әрбір адамның бойында белгілі бір таланты болады. Ал біздің жұмыс сол талант пен қабілеттің қай жерде ұштасатынын анықтап, болашақта оны өз пайдасына қолдана алуына сеп болу. Ол үшін мамандар жеткіншекпен жеке әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп, оның қызығушылықтары мен хоббиін сұрап біледі. Мысалы, кейбір жасөспірімдер музыкаға да, математикаға да, спортқа да қызығушылық танытып жатады. Ал кейбіреулерде керісінше белгілі бір салаға деген ешқандай қызығушылықтары болмайды. Мұндай жағдайда бәрібір баланың ішкі қырларын ашып, оның қандай мамандық таңдауға бейім екенін анықтау керек. Кәсіптік бағдар беру сонымен қатар баланың жауапкершілік пен қорқыныш сезімін жойып, санасына сенімді түрде шешім қабылдауға көмектеседі

Бала түрлі мамандықтарды жаңалықтардан, телехиякалардан, достарынан, басқа жерлерден естуі мүмкін. Немесе ол белгілі бір салаға барғысы келеді, алайда мамандықтың атын білмей жатады. Міне, осылардың барлығын анықтаған соң, баланың икемі мамандыққа сәйкес келе ме, қандай дағдыларды дамыту керек деген сынды сұрақтарға жауап іздейміз. Содан соң біріге отырып, мамандықты, университет пен факультетті, қосымша курстарды қарауға кірісеміз. 

Менің маман ретіндегі қазіргі жұмысымда өзгерістер орын алуда. Мәселен, бұрын мен тек кеңседе отырып, балаларды қабылдап, олардың өздерін табуға жол көрсетсем, қазір мен кәсіптік бағдар беру бойынша сабақтарға арналған бағдарлама жасаймын. 6-12 сыныптар аралығына арнап қадам-қадаммен өзін-өзу тану сабақтарын құрастырамын. 6-сыныптан бастап өзінің мықты тұсын сезінуіне, қабілетін білуіне көмектесеміз. Сәйкесінше барлық түлектерге оларға қай жерде ыңғайлы, қай салада қоғамға пайда әкеліп, жақсы табыс таба алатынын анықтауға жәрдемдесеміз.

Өз бетімізше кәсіптік бағдар беруші ретінде қазіргі заман талабына сай сұраныстағы мамандықтарды зерттейміз. Ғаламтордағы түрлі жұмысқа қабылдау хабарландыруларын қарап, қандай мамандықтардың жұмыс берушілер арасында деңгейі жоғары екенін талқылаймыз. Әлемде болашақта танылатын мамандықтар тізімін саралаймыз. Қоғамға көмегін беріп, сол арқылы табыс пен жетістікке жеткізетін салаларды қарастырамыз. 

– Жасөспірімдер мамандықтың таңдауға қашаннан бастап көңіл бөлгендері жөн? 

– Қазір негізінен балалар мамандықты мектеп бітірер шақта, 9-11-сыныптарда таңдауға тырысып жатады. Дегенмен мұның арты көп жағдайда жемісті нәтиже бермейді. Әрбір адам өзіне не ұнайтынын, өзінің басқаларынан қарағанда мықты жақтарын және қоғам үшін не істегісі келетінін түсінуі керек.

Кәсіптік бағдар беру тұрғысынан айтар болсақ, мамандық таңдау үшін ең оңтайлы деп 10-12 жасты айтуға болады. Себебі бұл жастағы балалар өтпелі кезеңдегі қызуқанды жасөспірімдерге қарағанда күрделі ақпаратты қабылдауға және болашақ туралы ойлауға барынша сезімтал, ашық және саналы болып келеді. Жалпы біреу өзінің сүйікті ісін 17-де, біреу 19-да, тіпті біреу 30 жасында тауып жатады. Сондықтан сала таңдауда қатып қалған қағида жоқ. 

 – Баланың мамандықты қателеспей таңдауына қалай көмектесе аламыз? Осыған байланысты ата-аналарға не ұсына аласыз?

 – Бірінші кезекте, балаға өзі не қалайды соны таңдауға мүмкіндік беру қажет. Хоббиіне байланысты еркіндік берілуі шарт. Ал ата-аналар үшін өздерінің орындай алмаған жоспарындағы мамандықты баласына міндеттемеу керек деп айтар едім. Егер сіз бір кездері кәсіпкер болуды армандап, бірақ ол салаға қолыңыз жетпеген болса, оны балаңызға ұсынудың қажеті жоқ. Өйткені оның бойында кәсіпкерлік емес, суретшілік қасиет бар болуы мүмкін. Немесе ол болашақта керемет сәулетші атануы да ғажап емес. Адамның жан жақты болғаны әрине дұрыс. Дегенмен оның икеміне, қалауына қарай білу қажет.

Бұған қоса: 

  • Балаға мамандықтар жайлы көп айтыңыз, олардың түрлерін, немен айналысатынын түсіндіріп, қайда оқуға болатынын көрсетіңіз; 
  • Жасөспірім шағында балаңызды әртүрлі саланың мамандарымен кездестіріп, мансабында жетістікке жеткен достарыңызбен таныстырыңыз;
  • Бірге отырып, қазір әлемде болып жатқан өзгерістер мен трендтер, жаңа мамандықтар жайлы талқылаңыздар;
  • Әртүрлі үйірмелерге, спорт секцияларына қатыстырыңыз. Өсе келе балаңыз өзіне ұнағанын таңдап, соған қарай бейімделері анық. 

 – ЖОО аяқтап, мамандығы бойынша жұмыс істеп көрген соң бұл саланың оған жат екенін түсінгендерге қандай кеңес айта аласыз? Жалпы ересектер үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіле ме? 

 – Егер уақыт өте келе таңдаған салаңыз сіз ойлағандай болып шықпаса, мамандық өзгретуден қорықпау қажет. Өйткені қазіргі таңда мүмкіндіктер өте көп. Тегін вебинарлардан бастап, түрлі курстарға дейін бар, тіпті, онлайн түрде университет оқып шығуға болады. Тек өз мамандығыңды шын жүрекпен жақсы көрсең ғана үлкен табысқа жете аласың. Оқып, үйренудің ерте-кеші жоқ. Адамдардың көзқарасы мен қызығушылықтары өзгеруде, бұл әлемнің жаңашылдыққа қарай аяқ басуына әсер етіп жатыр. Қазір өзіңді дамыту мен өркендеудің дәуірі. 

Кәсіптік бағдарды кез келген жаста алуға болады. Әрине, жасыңыз 40-та болса, жаңа жұмыс, жаңа мамандық тауып, үйренсіп кету қиын. Дегенмен тұрақты жалақысына  қарамастан жүрек қаламайтын жұмыста қалып қоймау керек. Танымал жапон жазушысы Х. Мураками айтқандай: “Сүйкімсіз жұмыспен жаныңызды қорлауға болмайды”. 

– Қазіргі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие? Қазіргі таңда әлемде және елімізде сұранысқа ие мамандықтарды атай аласыз ба? 

– Әрине, мына мамандықтарды таңда деп кеңес беру қиын. Байқап қарасақ, қоғамда дипломы бар мамандар көп, ал өз ісінің нағыз шеберлері аз. Сондықтан әр адам өз мамандығын сүйіп, сол салада оза білуі керек. 

Ал егер кеңесе беретін болсам, қазіргі таңда цифрлық IT салалары сұранысқа ие. Бізде қазір қызмет көрсету саласында, инжернерлік салада маман тапшылығы байқалады. Әсіресе, инженерлік бағытта қарқындылық төмен, өндірістік сала ақсап тұр. Біз барлығын көрші елдерден тасымалдап үйреніп қалғанбыз. Бірақ болашақта өз елімізде де өндіріс жұмыстары алдағы уақытта қолға алынатынына сенемін. Қазір сауда-саттық, логистика мамандарына сұраныс жоғары. Бұған қоса алдағы уақытта табиғаттың бұзылуына қарсы жұмыс істейтін биоинженерлер, жасанды интелектпен жұмыс істей алатын мамандардың беделі артады. Сонымен қатар дизайнерлер, идеяға бай шығармашылық тұлғалар әр кезеңде де қажет болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр