Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар миды "өлтіретін" әдеттер жайлы айтты

Біздің күнделікті әдеттеріміз дененің ми белсенділігіне айтарлықтай әсер етеді. Дәрігерлер ми жұмысына кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AiF басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ми — адамның ойлау жүйесі мен сана сезімдерінің басқарушы тетігі. Көп жағдайда мидың шаршап, қалжырағанын байқамай жатамыз. Тіпті адамдар кейбір күнделікті әдеттер мидың жұмысын бұзатынынан да бейхабар. Мысалы ұйқының бұзылуы әлденеге зейін қоюға, психикаға кері ықпал етіп, есте сақтау қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады. Ал ұйқының бұзылуы мидың ақпаратты өңдеуіне және шешім қабылдау қабілетіне зиянын тигізеді. 

Қимыл мен іс-әрекеттің аздығынан мидың нейропластикасы төмендейді. Бұл есте сақтау мен ақыл-ой қабілетін нашарлатады. Қарапайым көмірсуларға, қаныққан майларға немесе омега-3 май қышқылдары көп өнімдермен ретсіз тамақтану ағзадағы қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкеліп соғады.

Стресстен де ми шаршайды. Сондай-ақ темекі құрамындағы некотиннің кесірінен бастағы тамырлар тарылып, миға оттегі бармайды. Сәйкесінше соның салдарынан адам инсульт алып, альцгеймер, паркинсон ауруына шалдығады.

Ми жұмысын қалыпқа келтіремін десеңіз, ұйқыңыз қанық болсын. Тұрақты жаттығулар мидағы қан айналымын жақсартуға көмектесіп, нейропластиканы арттырады. Омега-3 май қышқылдары, антиоксиданттар мен дәрумендерді қоса, қоректік заттарға бай тағамдерды ідетке айналдырсаңыз ми өз белсенділігін сақтайды.

Талқылау