Мамандар: Коронавирус смартфон мен банкноттарда бір айға дейін өмір сүреді
Австралиялық ғалымдар коронавирус 20 градустық температурада бір айдан астам уақыт бойы банкнот пен смартфондарда өмір сүре алады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Австралиялық ауруларға дайындық орталығы мамандарының эксперименті вирусология журналында сипатталған.
Зерттеушілер коронавирустың әртүрлі температурада әр түрлі беттерде қанша уақыт өмір сүретініне қызығушылық танытты. 20 градус Цельсийде COVID-19 әйнекте, винилде, банкноттарда, соның ішінде полимер материалдарынан және тот баспайтын болатта 28 күн сақталады. Температура неғұрлым жоғары болса, вирустың «өмірі» соғұрлым қысқарады: 30 градус кезінде үш аптаға дейін, 40 градуста бірнеше күн сақталды.
Сонымен қатар, ғалымдар смартфондардың қауіптілігі туралы ескертті: өйткені олардың беттері кеуекті емес материалдардан жасалған және пайдаланушылар көбінесе оларды дұрыс өңдемейді, сондықтан олар инфекция көзі болуы мүмкін.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ