Мамандар коронавирус кезінде қандай дәрі қабылдамау керек екенін айтты
Цинциннати балалар ауруханасының медицина ғылымдарының докторы Джошуа Шаффзин коронавирустық инфекция жұқтырған кезде бас тарту керек дәрі-дәрмектерді атады.
Good Housekeeping журналының хабарлауынша, маман лоперамидпен диареяға қарсы препараттарды қабылдауды тоқтатуға шақырды.
Оның айтуынша, осындай дәрі-дәрмектертің көмегімен ішектің жұмысы баяулайды, бұл өз кезегінде ағзаны бактериялардан тазартуға және қабынуға кедергі келтіреді.
Шаффзин ингаляторлардан бас тартуға кеңес берді. Егер демікпе болмаса, оларды қолдануға болмайды, өйткені олар жүрекке зиян тигізуі мүмкін.
Ол фенилафрині бар кез келген дәрі жүрек ауруы үшін қауіпті деп түсіндірді. Бұл белсенді ингредиент көптеген мұрын спрейлерінде кездеседі. Маман бұл, әсіресе, қан қысымы жоғары адамдарға қауіпті екенін атап өтті.
Талқылау

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
Сарапшы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қазіргі субсидиялау жүйесі тиімсіз

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі