Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар иммунитеті әлсіз адамдардың бірнеше белгісін атады

Ұлыбританиядағы орталық Ланкашир университетінің биомедицина профессоры Питер Абельдің айтуынша, үнемі шаршау, жиі суық тию және әртүрлі инфекциялар – иммунитеттің төмендеуінің белгілері. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

тұмау

Абельдің айтуынша, егер адам жылына екі-төрт реттен жиі тыныс алу немесе вирустық ауруларымен ауырса, онда дененің қорғаныс функциясының әлсіреген. Сондай-ақ иммунитеті төмен адамдарға жиі суық тиеді.

"Ағзада вирустық инфекциялармен күресу үшін антиденелер шығаратын лимфоциттер жеткіліксіз", – деп түсіндірді Абель.

Диетолог Сюзи Перри иммунитет төмендегенде, вирустық ауруларға бактериялық инфекциялар жиі қосылатынын айтады. Олар қызыл иекке, зәр шығару жолдарына, асқазан-ішек жолдарына және басқа мүшелерге әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар имунитеті әлсіз адамдардың жарасы ұзақ жазылады дейді

Терапевт Надя Хасан иммундық жүйенің бұзылуы кейбір созылмалы және өткір аурулардан, ұзаққа созылған стресстен және В12 витаминінің, фолий қышқылының немесе мырыштың жетіспеушілігінен туындауы мүмкін екенін түсіндірді.

Талқылау