Мамандар адам психикасы үшін ең қауіпті желіні анықтады
Instagram адам баласының психикасына ең қауіпті әлеуметтік желі болып танылды.
Бұл туралы BBC News хабарлайды.
Британия денсаулық сақтау қоғамының мүшелері 14-24 жас аралығындағы 1,5 адам арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген екен. Респонденттер сауалнама барысында жағымсыз әсер қалдырып, күйзеліске шалдықтыратын әлеуметтік желі туралы айтқан.
Нәтижесінде денсаулыққа кері әсері мол әлеуметтік желі Instagram болып шыққан. Одан кейін орындарға Facebook пен Snapchat жайғасты. Бұдан өзге пайдалы тұстары мол платформалар да анықталды. Олар YouTube пен Twitter.
Instagram мен Snapchat желілерінің атқарушы директоры Ширли Крамер кей суреттердің жастардың санасында мазасыздықтың пайда болуына әкеліп соқтыратынын айтты. Осы орайда, денсаулық сақтау мамандары әлеуметтік желілердің әкімшілігінен тексеру жүргізуді сұраған екен. Нәтижесінде Instagram өкілдері аталған желінің қауіпсіз екенін айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Ақмола облысында дәрігерлер шала жетіліп туған нәрестенің өмірін сақтап қалды
Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі
Шымкент емханасында бейтаныс ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр
Сарып (бруцеллез) ауруы дер кезінде емделмесе, мүгедек ететін дерт