Сарып (бруцеллез) ауруы дер кезінде емделмесе, мүгедек ететін дерт

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 18:38

Сарып (бруцеллез) ауруы адамдардың сарып (бруцеллез) ауруымен сырқаттануы  көктем, жаз айларында күрт өседі. Бұл малдың төлдейтін  кезеңіне байланысты.

1524109

Мал,  үй хайуанаттары да (ит, мысық) бруцеллез ауруын таратады, деп жазады Замана.

Ауру малды төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан  өнім алу, сондай-ақ ет, сүт өнімдерін дайындау кезінде жұғады. Сүт зауыттарында да ауруды жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Ол адамға қайнамаған  сүт, қай­мақ арқылы да жұға алады. Мал қораларын тазалау кезінде ауадағы шаң-тозаң арқылы да жұғады. Осы жұғу жолдарының ішіндегі  ең қауіптісі – мал төлдету кезінде  малдың  шуы, қағанақ  суы арқылы жұғуы.

Сарып ауруының қоздырғышы  сүт құрамында қалыпты температурада 10 – 18 күн, қымыз бен шұбатта – 3, жаңа сойылған етте – 47, тоған-суаттарда 90 күнге дейін сақталады. Ол жүн мен теріде – 1,5 – 4 айға, ағын суда – 6 –12 күнге, топырақ пен қида, тезекте 3 айдан 4,5 айға  дейін қуатын жоймайды. Сүтте 55 градусқа дейінгі аралықта 10-15 минуттан кейін, ал қайнатқан кезде бір сәтте  жойылады.

Сарыптың алғашқы клиникалық белгілері мынадай: Кешке  қарай дене қызуы көтеріледі, денені тер басады, әлсіздік  пайда болады. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер  мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады.  Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш  келген жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тырады.

Бұл дерттен сақтану жолдары мынадай: Ең алдымен  ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету  кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну қажет. Ауладағы малдың арасында түсік тастау,  өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Әр отбасы мал дәрігерімен тығыз байланыста болғаны  абзал.

Ал егер жоғарыда аталғандай ауру белгілері мазалаған жағдайда оны сезінгеннен бастап дәрігерге жедел түрде көрін­ген дұрыс.

Тағы да оқыңыз:

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Көрсететін өнімі болмаса да халықаралық форум өткіземіз деп желіккендер Сапарбаевтан сөз естіді

Өркеннің анасы баласы қаза табатын күні жайсыз түс көргенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар