Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көрсететін өнімі болмаса да халықаралық форум өткіземіз деп желіккендер Сапарбаевтан сөз естіді

Ақтөбе облысында биыл Халықаралық омарташылар форумы өтеді деп жоспарланған. Қарғалы ауданына іссапармен барған Бердібек Сапарбаевқа ынталы азаматтар осы жоспары туралы айтқан еді.

20170515123657_IMG_9664

Кемшіліктерін бетіне басқан облыс басшысы ондай шараны халықаралық деңгейде өткізіп, ұятқа қалмау керектігін меңзеді, деп жазады Aktobenews.kz.

Жергілікті омарташы Александр Сенатскийдің «Халықаралық форумға бірнеше елдің омарташасы келеді деп ойластырып отырмыз. Сол жөнінде сізді хабардар еткім келген» дегені сол, облыс басшысы үлкен шараға қандай өнімдер ұсына алатынын егжей-тегжей сұрады.

Белгілі болғандай, биыл қиыншылықтарға тап болған омарташы Александр Сенатскийдің шаруашылығында ара ұясы аса көп те емес екен. 350-дің о жақ, бұ жағы. Сапасыз ара сатып алған ол осы жолы оңбай аузы ұрылғанын үлкен өкінішпен жеткізді.

Мұны естіген Бердібек Сапарбаев омарташыға форумды қоя тұруға кеңес берді.

«Халықаралық шараны ұйымдастырарсың. Келген қонақтарға неңді көрсетесің. Керемет өнімдер болса, бірсәрі. Ештеңе жоқ қой. Ондай шараның қажеті жоқ. Керек емес», — деді Сапарбаев омарташыға қарап.

Облыс басшысы өңірде бал шаруашылығын дамыту керектігін айтты. Сонымен бірге, нарықты жайлап кеткен импорт бал өнімдерінің үлесін азайтып, жергілікті жерде өсірілген араның балын пайдалану керектігін жеткізді. Ол үшін, әкімнің пайымынша, омарташылар бірлесіп жұмыс істеу керек. Тіпті, қаладағы сауда базарларынан тегін орындар қарастырылмақ.

Алдағы оқу жылынан бастап орта білім беру мектептерінде, ең болмағанда аз қамтылған отбасы балаларына күніне 15 грамм бал беру жөнінде ұсыныс білдірген Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысында бал шаруашылығы қалай басталғанын да әңгімелеп берді.

Тағы да оқыңыз:

Өркеннің анасы баласы қаза табатын күні жайсыз түс көргенін айтты

Шәует сататын банк иесі өлер алдында ұрықтың бәрі өзінікі болғанын мойындады

Тұрғынның 16 жыл бойы жинаған асығы ЭКСПО-2017 көрмесіне қойылады

Талқылау