Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандандырылған мекемелер қантқа қатысты ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмады – Сауда министрі

Мамандандырылған мекемелер Қазақстанның қантқа тиісті ішкі сұранысын толық қамтамасыз ете алмады, деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қант жағынан Қазақстан импортқа тәуелді. Қант тұтынудың жалпы көлемінің 7%-ы ғана отандық қызылшадан өндірілсе, қалғаны қант түрінде Ресей Федерациясынан, ТМД елдерінен және негізінен Бразилиядан әкелінеді. Қант өнеркәсібін дамыту бойынша бірқатар бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылғанымен, ішкі сұранысты толық қамтамасыз ету мақсатында тиісті басқармалар өндірісті ынталандыра алмаған", - деді Сұлтанов сейсенбі күні өткен брифингте.



Ол Сауда және интеграция министрлігінің Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп отандық қант өндірушілерді қолдау бағдарламасын әзірлейтініне сендірді.

"Ресей мен Беларусьте бұл дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. Бүгінде олар өз шикізатын өндіру арқылы өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Өкінішке орай, бізде климаттық жағдайларға да, судың қолжетімділігіне де байланысты бірқатар субъективті және объективті себептер бар... Осындай тәуелділіктің болуы да осыдан. Бізге Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп тиісті бағдарлама әзірлеу тапсырылды, онда субсидиялау мәселелері де, тауар өндірушілердің қарсы міндеттемелері де, ең бастысы отандық фермерлер мен зауыттарға қолдау көрсету мәселелерін пысықтаймыз. Қазіргі таңда біз отандық қант саласын дамытудың нақты қадамдарын белгілеп үлгердік", - деп қосты Сұлтанов. 

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 13:35
Талқылау