Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман тар шалбардың денсаулыққа тигізетін зардабы жайлы айтты

Дерматовенеролог және косметолог Александра Филева скинни деп аталатын тар джинс шалбарлар адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, жиі әрі ұзақ уақыт тар шалбар кию жамбас және аяқтың төменгі бөліктерінде қан айналымының бұзылуына әкеліп, ауырсыну сезімін тудыратынын айтады.

”Сондай-ақ тар шалбардың салдарынан жамбас пен балтыр бұлшықеттері шаншып ауырады. “Тар шалбар бедеулікке әкеледі” деген ақпарат медицинада дәлелденбеген. Десе де, егер жабысып тұратын шалбарларды күні бойы шешпей кисе бедеулікке әкелетіні сөзсіз. Шап аймағындағы температураның жоғары болуы ерлер ұрығы сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Ал әйелдерде қынап кандидозының өршуіне алып келеді”, – дейді Александра Филева.



Дәрігердің айтуынша, мәселе скинни шалбарда емес, оның өлшемінде. Егер қарынды тартып тұратын шалбарды жиі кисеңіз ол ас қорыту жүйесіне кері әсер етеді. Адамды асқазаннан өңештің сілті ортасына түсетін қышқылдың әсерінен пайда болған қыжыл мазалайды. 

Сарапшы тар киімдердің орнына табиғи матадан тігілген кең шалбар мен ішкиім киюді кеңес етеді. 

Бұған дейін дәрігер қысқа толқынды пешке жылытуға болмайтын бес өнімді атаған еді.

Талқылау