AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мал жаятын жер жоқ": Алматы облысының тұрғындары жайылымдық жерлердің жекенің қолына өтіп кеткеніне наразы

Алматы облысында үш бірдей ауылдың халқы жайылым жер тарылып бара жатқандықтан мал басын азайтуға мәжбүр болып отырғандарын айтады. Себебі, ауыл шарушылығына бағытталған жердің мақсаты түсініксіз жағдайда жеке үй шаруашылығына өзгертіліп кеткен. Ірі қараның арқасында күн көріп отырмыз деген ауыл тұрғындары жергілікті биліктен қайыр болмаған соң, Алматы облысының әкімінен көмек сұрайды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

жайылым жер скрин

Жаңатұрмыс, Райымбек және Абай ауылының тұрғындары малдарымызды жаятын жер тарылып барады деп наразы. Айтуларынша, аталған үш ауылдың ірі қарасы ауыл маңындағы 300 гектар жердегі шөпті жеп, осында жайылатын. 

"Осы территорияға күллі Райымбек ауылының тұрғындарының малы жайылушы еді. Бізде Райымбек ауылында жайылым ешкім бермей отыр. Жайылым жер жоқ боп отыр", - дейді Райымбек ауылының тұрғыны Мұхтар Зағитов.

Жер шаруашылықтың ветеринарлық дәрігері Айгүл Жарлыханова болса жер тапшылығынан мал санын өсіре алмай отырғандарын айтады.

"Қазір 500 бас ірі қара бар. Осы жерден күніне қаладағы супермаркеттерге, балалар үйіне және мүгедектер үйіне сүт өнімдері жөнелтіледі. Сондай-ақ, еттерді де қалаға жеткіземіз. Егер жайылым жер тарыла беретін болса, мал саны да азаяды", - дейді дәрігер.



Тұрғындардың айтуынша, бұл жердің мақсаты белгісіз жағдайда ауыл шаруашылығын жүргізуден, жеке шаруашылыққа ауысып кеткен. Яғни, қасындағы 500 ірі қара өсіріп, өнімін қалаға жіберіп отырған қожалықтан бастап үш ауылдың малы бұл жерге енді жайыла алмайды деген сөз.  

Жеке шаруашылыққа өтіп кеткен 300 гектар аумақта қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, қара топырағы қазылып жатыр. 

Ал, ауданның сәулет және құрылыс бөліміндегілер санитарлық қорғау аймағына құрылыс жүргізуге рұқсат жоқ екенін айтады. Демек салынып жатқан нысанға құжат берілмейді. Ал Қарасай аудандық сәулет бөлімінің мамандары мониторинг жүргізіп, жердің қолдану мақсатын өзгерту бойынша тиісті органдарға сауал жолданғандарын мәлімдеді.  

"Құрылыс жұмыстары рұқсатсыз жүргізіліп жатыр. Ол бойынша біз Райымбек ауылдық округына, әкімшілігіне және Гаскіге хат жолдадық", - деп түсіндірді Қарасай ауданы құрылыс, сәулет бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақдәулет Сағындықов.

Жергілікті жұрт бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселені Алматы облысының әкімі өз көзімен көрсе екен дейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр