Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Суда құрттар да жүреді": Алматы облысының тұрғындары ауыз судың сапасына шағымданды

Алматы облысындағы Қырғауылды ауылының тұрғындары ауыз судың сапасына шағымданды. Айтуларынша, судан құрттар да шығады екен. Себебі жеткізуші суды қарапайым арықтан алып, тазартпастан тұрғын үйлерге жібереді. Тұрғындар бірнеше рет әкімдікке шағымданғанымен, мәселе үшінші жыл қатарынан өз шешімін таппаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

су

Қырғауылды ауылының тұрғындары ауыз судың кесірінен ішек ауруына шалдығып, тері бөртпесі мен ұшықтың жиі шығатынын айтады. Жаңбырлы күндері су лайланып кетеді екен. Кейде суда құрттар да жүреді дейді. Сөздерінше, жеткізушімен келісімшарт жасалғанда су таза болған.

"Темірбаев" жеке кәсіпкерлігі үйлерге суды 2016 жылдан бастап қоса бастады. Бастапқыда су "Торпеда" бау-бақша серіктестігінде орналасқан су тартқыштан келетін. Су тартқыш бар-жоғы 100 шаршы метр еді, сондықтан су жетпей қалатын. Ешкімге айтпастан, олар суды арықтан бере бастады. Мұны бастамашыл топ анықтады", – дейді Қырғауылды ауылының тұрғыны Галина Лавренцева. 

Анықталғандай, арық суын 200-ден аса үй тұтынып келген. Қарапайым электрлі сорғыш арқылы арықтағы су қоймаға жиналып, желілер бойынша таратылады. Ешқандай тазартудан өтпейді екен. Әр судың текше метрі үшін 350 теңгеден төлейміз дейді олар. 

"Барлық техника бітеліп қалады: ыдыс жуатын, киім жуатын машиналар. Сондықтан өзіміз суға тапсырыс береміз. Апта сайын 7 мың теңге төлеймін. Бұл 5 шаршы метр үшін. Сонда ай сайын мен 28 мың теңге жұмсаймын", – дейді тұрғын Алексей Яковичный. 

Тұрғындар су жеткізуші Ержан Темірбаевты кездесуге шақырғанымен, жиынға келмеді. Наразы тұрғындардың шағымын тыңдау үшін ұлын жіберген, бірақ ол компанияның ресми өкілі де емес екен. Темірбаевтың ұлы 1 айдың ішінде таза су берілетінін айтты. 

"Жиналысқа Райымбек ауылдық округінің әкімі де келген жоқ. Бірақ мәселе туралы білетінін айтқан. Жыл соңына дейін мәселені шешуге уәде берді", – дейді Тимур Темірбаев. 

“Қазір Райымбек және Жаңатұрмыс ауылдық округтерінде әрқайсысы мың жарым текше метр болатын екі су қоймасы салынып жатыр. Тағы екі ауылға қосымша ауыз су беріледі", – деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Түленбаев. 

Енді тұрғындар су қоймасы құрылысының аяқталуын күтуі керек. Ал ауыл әкімі басқа су жеткізушімен келісім жасауға кеңес берген. Мұны тұрғындар өздері жасау керек екен. 

Талқылау