Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билік көмекке асығар емес": Алматы тұрғындары электр энергиясының өшірілуіне шағымданды

Алматыдағы Қонаев атындағы тұрғын алабының тұрғындары шенеуніктердің әрекетіне наразы. Айтуларынша, олар күн сайын электр қуатын өшіреді. Онсыз қала тұрғындары автоматты түрде жылу мен сусыз қалады. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі ”Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қонаев атындағы өндірістік кооперативтің тұрғындары бір жылдан астам уақыттан бері шенеуніктермен кездесуге тырысып келеді. Олар электр қуатын өшірмеуді сұрайды. Күн сайын жарық өшеді.

"Бірақ билік көмекке асығар емес", – дейді алматылықтар. Себебі, тұрғын үй массиві облыстық электрмен жабдықтау желілеріне қосылған. Алымжан ЗАЙНУТДИНОВ, ж. АЛМАТЫ:

“Неліктен біз Алматы қаласында тұрып, Талғарға тәуелді Түрксіб ауданына қараймыз? Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Біз қаладан жарық алуымыз керек. Бұл басты мәселе. Өшіреді, күніне 2-3 рет өшіруі мүмкін. Кейде 20 минутқа, кейде бір-екі сағатқа дейін.

Жарық сөнген кезде алматылықтар автоматты түрде жылу мен сусыз қалады. Су ішуге жарамсыз болса да, қолданысқа қажет. Ал ауыз суды  дүкендерден сатып алуға немесе туыстарынан әкелуге мәжбүр. 

“Құдықтан сорып алатын суды ішуге болмайды. Мұның бәрі сантехникаға байланысты. Екі күнде 140 литр су тасимыз”, – деді Алматы тұрғыны  Айгүл Жалғасова.

Су құбырының желілері өткен жылы салына бастады. Бірақ жұмыс жарты жолда қалды, деп шағымданады адамдар. Сондай-ақ кәріз жүйесі мен жол жоқ. Тұрғындар биліктен көмек күтпей, өз күштерімен тұрғын үй кооперативін абаттандыруға кірісті. Бірақ бұл қалталарына салмақ түсірді.

“Біз көп рет жаздық, көп жүрдік, бәрі бекер болды. Қол сілтеуге тура келді. Өз қаражатымызға бағаналар мен кабельдерді орнаттық. Ол шамамен 400 мың теңге тұрады”, – деді Алматы қаласының тұрғыны Вадим Крюков.

Түрксіб ауданының әкімдігі жақын арада жергілікті тұрғындардың мәселелерін шешуге уәде берді. Ең алдымен үйлерді қалалық электрмен жабдықтау желілеріне қосу жоспарлануда. 

“Энергетика басқармасы жобаны әзірледі, қазір "Қайрат" шағын ауданында қосалқы станция құрылысын бастады. Бұл бізге аймақтағы көзден ажыратуға мүмкіндік береді. Әрі қарай тұрғындар үздіксіз электр қуатымен қамтылып, біздің тарату аймағымыз қызмет көрсетеді. Қосалқы стансаның құрылысына қалалық бюджеттен он миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады”, –  деп уәде берді лматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Айдос Бекетаев.

Осы уақытқа дейін билік су және кәріз құбырларын салуды жоспарлап отыр. Сосын жол құрылысын бастайды. 

Талқылау