Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мақтаншақ": Нұрлан Еспанов көлігін Абай Бегейге "ұзатқанын" айтты

Нұрлан Еспанов Абай Бегейге көлігін сатып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бір ай бұрын алған су жаңа көлігін өнердегі әріптесіне сатып жіберген Нұрлан Еспанов оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. Өнер иесі ақшасының жоқтығынан емес, жаңа әрі қымбатырақ көлік алу үшін бұрынғы көлігін саудаға салған. Осылайша Нұрлан Еспанов салоннан көлік алайын деп тұрған Абай Бегейді айнытып жіберіп, өзінің көлігін сатқан. Дегенмен өнер иесі бұл жайлы мойындамай қойды.

"Абай көлік аламын деді. Мен оған жаңа көлік ал, салонға бар, көмектесеміз дедім. Абай "Жоқ Нұреке сен үлкенсің, сен ал" деді. Сөйтіп мен көлігімді Абайға ұзатып, өзім салоннан 70 алдым. Мен негізі оны ешкімге айтқан жоқпын, айтпаймын деп жүрген едім. Нұрлан мақтаншақ, тағы да мақтанып жатыр дейді жұрт. Тұлпар деген жақсы ғой. Оны мен мақтанамын деп алған жоқпын. Астымда тозсын, салоннан автокөлік алып көрейін деген ойым ғой. Абайға сатқан көлігім тіпті жақсы", - дейді Нұрлан Еспанов.

Ал Абай Бегей болса, Нұрлан Еспановтың көлігіне неге қызыққанын түсіндіріп берді. Тіпті өнер иесі көліктің бағасын да жасырған жоқ. Соған қарағанда Абай мырзаның салоннан көлік алуға ақшасы жетіңкіремеген сияқты.

"70 тойота алайын деп жүрген едім, көлігімді сатып. Әңгімеден әңгіме шығып, көлігімді аласың ба деп сұрады. 70 қымбаттау болып қалды да, Нұреке сіз өзіңіздікін маған сатыңыз, сіз салоннан алыңыз дедім. Өзінің алған бағасына алдым. Ол басқа қалаларға баруға, алыс жолға жарамды болған соң қызықтым. Бағасы 9 миллион 500 мың теңге тұрады", - дейді Абай Бегей.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр