"Мақтаныш емес": Кенжебек Жанәбілов әйеліне көлік сыйлады
“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жары Жамиляға көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhamilya_tulegenovna/
Өнер иесі төрт баласын дүниеге әкелген жарына Lexus маркалы машина сыйлады.
“Қолдан келгенше жақсылық жасап, ниетті дұрыстасаңыз, армандар орындалады!”,– деп жазды әнші.
-
Музарттық Кенжебек Жанәбілов топтағы табысына қатысты сұраққа жауап берді
-
"Арқамнан қамшымен ұрды": Кенжебек Жанәбілов ауыр дертке шалдыққанын айтты
Өз кезегінде эстрада жұлдызының жары да құттықтап жатқан барлық жанға рақмет айтты.
“Біріншіден, Аллаға сансыз шүкір! Екіншіден,менің армандарымды орындап жүрген жігітіме рақмет! Жарияға жар салмайын деп отыр едім. Бірақ жігітімнін еңбегін бағаламағандай болмайын деп, салып жатырмын. Бұл бір мақтаныш емес. Оның артында үлкен еңбек жатыр. Барымызды бағалайық!”, – деді Жамиля Төлегенова.
Еске салайық, Кенжебек Жанәбіловтің қара шаңырағы ел талқысына түскен еді.