Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Музарттық Кенжебек Жанәбілов топтағы табысына қатысты сұраққа жауап берді

Көпке танымал “МузАрт” тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловтің айтуынша, өнерден тапқан табысын сұрайтындар көп. Өнер иесі “Менің өмірім” бағдарламасында осыған қатысы жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/kenzhebekmuzart

“Жақында біреулер: “МузАрттан” неше аласың?” деп сұрады. Біріншіден, мен одан алмасам да, "МузАрт" менің атымды жасады. Екіншіден, Аллаға шүкір, қасымдағы екі жігіттің мініп жүрген көілігі мен де мініп жүрмін. Аз алайые көп алайын, солар отрыған үйде отырмын. Жеке де шақырады, "МузАртпен" де шақырады. “Сен осынша бердің, неге осынша бермейсің?” деп отырғаным маған жараспас. Санасып келетін болсаң, басыңдағы бағыңнан айырылып қауың мүмкін. Адам дүниеге құнықпау керек”, – дейді Кенжебек. 

Өнер иесі үшін абырой бірінші орында. 

“Бұл топқа келген кезде мен абыройды ойладым. “Алып кете аламын ба, жоқ па?” деген ой келді.”Келісім шартқа отырайық, ай сайын осынша ақша бересіңдер” деген жігіттер де болған екен. Бірінші, өсу, ондан биікке шығу және оны ұстап тұру деген бар. Сондықтан кез келген нәрсеге қанағат, шүкіршілік деген болу керек.

Талқылау