Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соқыр болып кіріп, мылқау болып шық": Кенжебек Жанәбіловтің қара шаңырағы ел талқысына түсті

“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әке-шешесінен қалған қара шаңырақты көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Өнер иесінің үйін Сәкен Майғазиев жеке парақшасына жүктеді. 

“Ауылда өстім, шаңына аунап, еркелеп… Кенжебектің ауылдағы қара шаңырағындамыз. Келін түсірген еді, алдымыздан шығып сәлем етіп жатыр. Созақ ауданы, Шу ауылымен ойнапсыңдар. Ерекше дүние көрсеткім келіп тұр. Қолыңды жақындатсаң су аға беретін қолжуғышы бар екен. Цифрлы, автоматтандырылған жүйе дейді мұндайды. Кенжебек мектепте оқып жүргенде жасалыпты. Содан әлі күнге дейін сақталған. Бүкіл бала-шаға да осында екен. Улап-шулап біз де келіп қалдық”, – деп жазды өнер иесі. 



Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырып, өнер иесінің қара шаңырағын талқылап жатыр. 

“Үйдің ішіне әжетхана орнатуға не кедергі екен?!”, “Есік алдына цемент төсесе де артық етпейді”, “Үйі керемет екен, өте қарапайым салыныпты”, “Америкада тұрсаң да, қара шаңыраққа ештеңе жетпейді”, “Біреудің үйіне барғанда соқыр болып кіріп, мылқау болып шығу керек”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, Кенжебек Жанәбілов бала күнінде сырқатынан қамшының арқасында жазылғанын айтқан еді. 

 

Талқылау