"Мақта өңдеп, зауыт-фабрика ашайық": Жазира Байырбекова елтаңбаны алмастыру туралы ойын бөлісті
Танымал әнші Жазира Байырбекова елтаңбаны алмастыру туралы ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның елтаңбасын өзгертуді ұсынған еді.
“Біреудің ақшасын, табысын санаған өте жаман екенін білемін. Сонда да елтаңбаны ауыстырғанға, жұмсайтын қаражатты мақта, тері, ыдыс өндіріп шығаратын фабрикалар мен зауыттар ашса ғой деп ойлаймын тыныш жүрмеймін. Нееем бар десей?! Мысалы, біз балаларымызға Мәскеуден келді деп алып жүрген киімдер Өзбекстанда өндіріледі. Халық дәрігерге көрінуге Өзбекстанға барып жатыр. Лимон, қызанақ т.б алатын болсақ “Ташкентский” беріңізші” деп сұрайтын болдық”, – деп жазды өнер иесі.
Әншінің айтуынша, бала күнінде елімізден түрлі бұйымдар шығатын болған. Сол күн оралса екен деп тілейді.
“Қапшағайдан шәйнек пен кеселер шығатын. Таразда шұжық өндірілетін. Түлкібастың алмалары мен Қарағандының кәмпиттер әлі күнге дейін есімде. Шымкенттен костюм-шалбарлар тігілетін”, – деді әнші.