Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік туды балкондар мен үй-жайларға ілуге ​​рұқсат етілмек

Қазақстанда мемлекеттік туды балкондар мен үй-жайларға ілуге ​​рұқсат етілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Туризм және спорт министрлігі Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнесін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Құжатта мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, Қазақстанның оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және ЖШС мемлекеттік рәміздерге арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларда орналастырылуға рұқсат беру ұсынылған.

Мемлекеттік туды қорлау фактісіне мынадай әрекеттер жатады: физикалық түрде залал келтіру (жырту, жағу, өртеу, қасақана жерге тастау, таптау, қоқысқа лақтыру); коллаждар жасау арқылы мемлекеттік туды қорлау; тыйым салынған және мақсатқа сай емес жерлерде пайдалану; әлеуметтік желілерді қоса алғанда мемлекеттік туды көпшілік алдында мазақ етіп, балағаттау.

Бұдан бөлек, құжатта жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде, балкондарда) мемлекеттік туды тек 45 градусқа қисайтып орналастыруға рұқсат етіледі.

Құжатта жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда орналастырылған мемлекеттік ту жерден 3 метрден төмен орналастырылмауы керек, ал ту өлшемі 1 х 2 метр болуға тиіс екені көрсетілген.

Құжат 27 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Талқылау