Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова қызы Мерейге марқұм жарының туған жерін көрсетті (видео)

Мақпал Жүнісова қызы Мерейді марқұм жары Заманбек Нұрқаділовтің туған жеріне алып барды. Әнші Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауданына атбасын бұрды, деп хабарлайды Stan.kz.

Заманбек Нұрқаділовтің жерлестері әншіні сән-салтанатпен, қымыз-қымыранмен, шашумен қарсы алды.

“Құтты қонақ келсе, қой егіз табады” дейді қазақ. Қош келдіңіз, біздің киелі жерімізге, Нар төріне келіп отырсыз”, – деп атап өтті аудан тұрғындарының бірі.

“Алтындарым, қош келдіңдер ауылға. Міне, Нарынқол ауданы болып құрылып жатырмыз”, – деп қоштады екіншісі.

“Мақпал апай, жарайсыз, қайын жұртты аралап жүрсіз бе”, “Қош келдіңіз, жеңге”, “Нарынқолға келінсіз, халқы сізді қатты жақсы көреді, төбелеріне көтеріп сыйлайды”, “Барлық əнші Мақпалдай бола алмас , ішінара бар шығар. Мерейдің де папасының еліне барғаны керемет қой. Ата қонысты көріп дегендей…Осының бəрі Анасының даналылығы! Қазақи бала өсіп келеді жанұяда”, – деп тамсанды желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Жазираның кәсібі жайлы Жанболат: Әйел адамға берген қаржың ешқашан қайтпайды

Жұғысты болсын: Аша Матай Жазира Байырбековаға ерекше сый жасады (видео)

Айдана Меденованың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Арман мен Аша қыздары Асылымның тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Талқылау