Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова Жетісайда өткен концертінде көрермендердің бірінен зәбір көріпті. Тіпті халық әртісін жанындағы ешбір адам қорғай алмаған.

Бұл туралы әнші Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтып берді.

27 жыл бұрын Жетсайда концерт берген Мақпал Жүнісоваға көрермені зәбір көрсетіпті. Ол әншінің дайындық бөлмесіне басып кіріп, шу шығарған.

«Есікті аш, мен қазір сені зорлаймын дегенге дейін барды. Есі ауысқан біреу. Сосын Ұлбосын апайдан оның кім екенін сұрадым. Ол: «Ойбай, Мақпал, үндеме. Бұл осы жердің жындысы. Ол – психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған адам. Қазір бәрімізді бауыздайды, өлтіреді. Одан полиция да, бүкіл Жетісай да қорқады», – деді. Мен жаңа ғана тұрған полицейлердің қайда кеткенін сұрадым. Ар жақтан мені қорғаймын деп музыканттарым келді. Ол өзі бойы екі метр, еңгезердей жігіт», – дейді Мақпал Жүнісова.

Халқы Мақпал Жүнісованы «ерке қыз» деп еркелеткенімен, дәл сол сәтте ел еркесін ешкім қорғай алмапты.

«Ол Игорь деген музыкантымды көтеріп алып лақтырып жіберді. Сол кезде бізді ешкім қорғай алған жоқ. Ана көрермен есіктің арғы жағында теуіп, елді боқтап жатыр. Бәрі үндемейді. Мен өкіріп жылап отырмын. Өлдім деп ойладым. Бір жарым сағат өткеннен кейін біраз тынышталды. Ол кетіп қалған екен деп есікті ашып қалсам, есіктің алдында тұр екен. Мені көре сала: «Жаным-ай, алтыным-ай, сені ұзақ күттім. Қыздарыма қолтаңба берші», – деді. Сол кезде Ұлбосын апай оның есі бұзылып тұратын адам екенін айтты. Көрдіңіз бе, сондай есі бұзылып тұрған адам бізді өлтіріп кетуі де мүмкін екен. Бірақ сабырлық сақтадым», – дейді халық әртісі.

Оқи отырыңыз:

“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын

Әнші Мұқасан Шахзадаев төртінші рет әке атанды

Жасырын үйленіп алған ба: Тәуекел Мүслім мен Жанар Дұғалованың үйлену тойының суреті пайда болды (фото)

Ерке Есмахан мен Әли Байжұматтың арасында не бар? (фото)

Талқылау