Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова өзі ұқсап ән салатын тотықұсын көрсетіп мақтанды (видео)

Мақпал Жүнісова жары Заманбек Нұрқаділовтің көзі тірі кезінде-ақ тотықұс асыраған. Сүйікті құсына адамша қараған Халық әртісі оның асты-үстіне түсіп, күтімімен өзі айналысатын.

06004380013353505772504201257_800x600-768x510

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Отбасының мүшесіне айналған құсқа тіпті, Айша деп адамның есімі қойылған-ды. Мақпал Жүнісова Айшамен әңгімелесіп, өз қолымен жуындыратын. Тек гастрөлдік сапарларға кеткенде үй күтушісіне немесе сіңлілеріне қалдырып кететін.

Сондай кездердің бірінде Айша жуынатын бөлмеде қамалып қалып, ауа жетпегендіктен өліп қалады. Бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде Халық әртісі Айшаның өліміне кәдімгідей қайғырғанын айтқан еді. Тіпті, марқұм Заманбек Нұрқаділов тотықұспен қимай қоштасып, оны жерлепті.

Айшаның ән салатын да қасиеті бар еді. Дәл иесі секілді. Халық әртісі сүйікті құсын сағынған ұқсайды. Кеше ол желідегі парақшасына тотықұстың ән салып тұрған сәтінен видео жүктеді. Желі оқырманына берген жауабында ол Айшаны есіне алып отырғанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Ер адаммен бірге жаттығу жасаған Кәмшат Жолдыбаева желіні шулатты (видео)

Хиджаб киген Ерке Есмаханға жұрт батасын берді (видео)

Төреғали Төреәлі тыңдармандарын алдап соқты (видео)

Жуырда аяққа тұрған Ернар жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Талқылау