Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі тыңдармандарын алдап соқты (видео)

Төреғали Төреәлі республиканың түкпір-түкпірін аралап, концерт беріп жүр. Бірнеше күн бұрын ол еліміздің батыс өңірлерінде болып, асыға күткен тыңдармандарымен қауышты.

18251870_430068057360570_9153188530321620992_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің айтуынша, Қазақстанның батыс өңірі оны ерекше құрмет тұтады, концерттерін тағатсыздана күтеді.

Мәселен, Орал халқы Төреғалиді гүлге “шомылдырды”. Әнші оларды қайда жіберерін білмей, қонақ үй бөлмесіндегі төсегіне төседі.

18380463_1923643624538773_4387749511695433728_n

Сол сияқты Атырау өңірі де Төреғалиге ерекше құрмет көрсеткен ұқсайды. Әнші желідегі парақшасына видео жүктеп, атыраулық тыңдармандарына алғысын жеткізді.

«Құшақтарыңызды ашып, бізді күтіп алып жатқандарыңызға көп рахмет. Қашан болса да, келген сайын Атырау жылы құшағымен, есіктеріңізді айқара ашып, күтіп алып жатасыздар. Тойларыңыз құтты болсын. Бәріңізге жақсылық тілеймін, бәріңізге жұғысты болсын, рахмет бәріңізге», – деді Ұлы дала баласы.

Алайда Төреғали бұл сөздерді бір ғана адамның алдында сөйлеп, желідегілерді аң-таң қалдырды.

Раxмет бәріңізге😄

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан 5 жасар ұлының іні-қарындас сұрап жүргенін айтты

Құпия ашылды: Медеу Арынбаев алғаш рет «АБК» тобының неліктен тарағанын айтты

Болат Әбділманов әскерге өз еркімен сұранған Әшімовтің жалғыз ұлы туралы айтты

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Кинода Қайрат өмірдегі жұбына қалай қол жеткізгенін көрсетпек

Талқылау