Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан 5 жасар ұлының іні-қарындас сұрап жүргенін айтты

Иә, қыз баласы ғой, ер азаматқа бірінші боп сезімін білдіруден жасқанады. Ерке өзінің ішіндегі ойын кезекті клипі арқылы жеткізбек. Бейнебаянда жүрегінің жартысын іздеген әнші, өмірде де тұрмыс құруға әзір екенін айтты.

16110155_184868518657692_6251888064029786112_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Ең өмірдегі жаман нәрсе, ең қорқатын нәрсе ол жалғыздық. Сондықтан мен ешқашан жалғыз болғым келмейді. Не дегенмен кішкентайым бар, ақыл тоқтатқан қызбын, біраз сынақтардан өттім. Енді, бұйырса болашақта өзімнің сүйіктімді тапсам деген оймен, осындай ән шығарып тұрмын», – дейді Ерке.

Ерке осыдан бірнеше ай бұрын Тайландта демалып жүргенде, ел арасында: «қалталы азаматтың ғашығы» деген қауесет тараған-ды.

«Олигарх бар екен, ойбу Ерке деген рахат деп. Менің ондай олигархым болса, біреу маған ақшаны беріп жатса, олай жүрмес едім, күнде ұйқы көрмей әрлі-берлі», – деп жалғады сөзін әнші.

Әншінің сөзіне сенсек, дәл қазір көңіл жарастырып жүрген жігіті жоқ! Алайда, Ерке қыздың болашақ ғашығына айтар өтініші бар.

«Махаббат болса, енді бұрын айтуым мүмкін. Бәрін тастаймын да кетемін, тастап та, кетіп те келген кездер болған. Бірақ, қазір олай айта алмаймын. Ол адам мені жақсы көрсе, осылай менің жұмысыммен, осылай қалпыммен жақсы көріп мені қабылдау керек, әрине мен көп нәрсені тоқтатар едім», – дейді Ерке.

Иә, өнерде өрлеу, танымалдылық пен халықтың қошеметі керек-ақ! Алайда, ана жүрегі ұлы Мүсілімнің тілегін орындауға асық.

«Менің ұлым бәрін түсінеді, ақылды! Қазір 5 жаста. Бәрін біледі. Сондықтан да ұлымның айтатыны сол. “Мама, мен енді жалғыз болмауым керек. Маған қарындас керек, інім керек. Ойнайтын адам керек” деп айтады. Сондықтан да, мен өзім үлкен семьядан шыққан адаммын, болашақта ана болғым келеді», – деп түйіндеді сөзін Ерке.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан продюсері Баян Есентаевадан кетіп қалды

Жұмыстан шаршаған Ерке Есмахан ұлымен бірге шетелге кетті (фото)

Құпия ашылды: Медеу Арынбаев алғаш рет «АБК» тобының неліктен тарағанын айтты

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Талқылау