Болат Әбділманов әскерге өз еркімен сұранған Әшімовтің жалғыз ұлы туралы айтты

Дүйсенбі, 15 Мамыр , 2017 11:29

Актер Болат Әбділманов Асанәлі Әшімовтің 80 жас мерейтойында курстасы Сағи Әшімовті есіне алды. Шоқанның рөлін сомдап, нағыз «жұлдыз» шағында әскерге өзі сұранып барған деп жігіттігін атап айтты.

bandicam 2017-05-12 23-40-01-947

Бұл туралы Әбділманов Stan.kz тілшісіне әңгімелеп берді.

«Қазір екінің бірі әскерге бармайды. Бұрын біз әскерге бармаған жігітті жігіт деп есептемейтінбіз. Отанды қорғау –  ол Алланың алдында, мемлекеттің алдында, өзіңнің ар-ұятыңның алдында да үлкен сын.

Сағи Шоқанды ойнап, мемлекеттік сыйлықты алып, нағыз жұлдыз болып жүргеніне қарамастан, өзі сұранып әскерге барды. Қолына қару алып, Отанын қорғады. Қазір кім барады? Біздің кезімізде елді қорғау, Отанды қорғау, әскерге бару деген миымызға сіңіп кеткен нәрсе еді.

Сен жұлдыз бол, сен әкімнің баласы бол, маған десе, министрдің баласы бол. Асекеңнің ұлылығы сонда, баласына қарсы болған жоқ. Сағи бармаймын десе, бармайтын еді. Ол кезде Сағи – жұлдыз. Асекең бір қоңырау жасаса да бармайтын еді.

Бірақ Асекең қарсы болған жоқ. «Мен шынығам шыңдалам» деген Сағиды өмірді көріп келсін деп жіберді. Міне, әке қандай болу керек», – дейді Болат Әбділманов.

Ал қазіргінің жұлдыздары әскерге сан сылтауды үйіп төгіп бармайды. Бұл туралы осыдан бір апта бұрын жазған едік.

Бұдан өзге, Болат Әбділманов Асанәлі Әшімовтің өзіне де тоқталды. Ол абыз актердің өте сезімтал, аңқау әрі тез сенгіш адам екенін тілге тиек етті.

«Асекең ол бір сезімтал сергек жан. Бұл кісі нағыз қазақ табиғаты қандай? Бір атым насыбайдан көңілі қалады. Асекеңді бір ауыз сөзбен жүрегіне қаяу түсіруге болады. Бұл кісі бала сияқты. Ал бір өзі бір сахнаға шыққан кезде баяғы батырлар қабағы қатулы, жауынан қайыспайтын батырлардың образы келеді көз алдыңа. Кейде сондай. Кейін айтатын ойын ештеңеден жасқанбай айта білетін адам. Өзінің қай жерде қалай ағалық істері болмаса, өте жомарт адам. Қолында бар нәрсені қазір көңілі түскен адамға шашып тастауға бар», – дейді актер.

Асанәлі Әшімовтың жомарттығы ұстазы Шәкен Аймановтан берілсе керек дейді актер. Өйткені Шәкен Айманов та дүние жинамай, қолындағысын ел-жұртқа таратып отыратын адам болған деседі.

“Бұл кісінің көрген тәрбиесі – алдыңғы буын ағаларынан, мәселен, Шәкен Аймановтан. Өзіне еш уақытта дүние жинамаған кісі. Өзінің рухани байлығымен – өнерімен жүрген. Бұл кісі Аймановтың шәкірті болып есептелінеді. Сол кісінің мектебінен өткен. Сондықтан Асекеңде де осы бір жомарттық бар. Өзі осындай тұлға бола тұрып, бала сияқты аңғал, аңқау адам, сенгіш. Өзі де айтты емес пе? “Бұл биікке жету бар. Сол биіктен құлап қалмай тұру бар. Жету бір батырлық болса, сол биікке шығып алып, сол биіктен құламай айтқан парасат, ақыл марапат мадақтаудың бәрін ұстап тұру – ол үлкен тектілік”. Соны ұстай білу он батырлыққа таяу”, – деп түйіндеді сөзін Әбділманов.

Жіберіп алмаңыз:

Жігер Ауыпбаев өзі туралы жалған ақпарат таратқан адаммен жаға ұстасып қалды

Жұмыстан шаршаған Ерке Есмахан ұлымен бірге шетелге кетті (фото)

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Рано Омарова тұңғышының тұсаукесер тойын жасады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар