Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адаммен бірге жаттығу жасаған Кәмшат Жолдыбаева желіні шулатты (видео)

Сұлулық пен денсаулық – уақыт пен еңбекті талап етеді. Бұл актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаеваның өмірлік ұстанымы. Ол өзін бірқалыпта сақтау үшін үнемі спортпен айналысады, дұрыс тамақтану режімін ұстанады.

камшат 160517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актриса желідегі парақшасында үнемі салауатты өмір салтын насихаттайды. Ара-тұра жаттығу залынан, кейде тауға көтерілген жерінен оқырмандарына сәлем жолдап, спортпен айналысуға шақырады.

Бұл жолы Кәмшат жаттықтырушысымен бірге жаттығып жатқан сәтін көрсетемін деп сынға қалды. Себебі желі оқырмандарына бұл жайт ұнамай қалды. Көпшіліктің айтуынша, видеода Кәмшат ұятты қылық жасаған.

“Ұяттан жұрдай екенсің, дене бітіміңді мақтаныш көретінің белгілі, бірақ осынша ақымақ болармысың”, “Елге көрсететіндей нәрсе көріп тұрған жоқпын”, “Мақтанудың не қажеті бар? Жарайды, мен де спортпен айналысамын, бірақ оны неге елге көрсетесіз? Мені қойшы, 100-150 адам көрер, сізді бүкіл халық бақылап отыр ғой”, “Қазақ бірінші орынға ұятты, инабаттылықты, тәрбиені қойған. Кәмшаттың мына ісі тым екен, өзі жауап береді ғой, бірақ инстаға салмай-ақ қоймай ма, қаншама қазақ қызы көріп отыр, үлгі алады”, – деп сынады желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

 Хиджаб киген Ерке Есмаханға жұрт батасын берді (видео)

Сәкен Майғазиев балгерлік қасиеті бар екенін айтып мақтанды

Жігер Ауыпбаев Ыстанбұлда түсірген бейнебаянын халыққа ұсынды (видео)

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Талқылау