Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігер Ауыпбаев Ыстанбұлда түсірген бейнебаянын халыққа ұсынды (видео)

Ауырдым деп жар салған Жігер Ауыпбаев Түркияда түсірген бейнебаянын ел назарына ұсынды.

ауыпбаев 150517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәуір айында Жігер дертіне дауа іздеп Түркияға атбасын бұрған болатын. Әншінің қос бүйрегі ауруға шалдыққан. Сол кезде ел арасында “Меломеннің” экс-солисі айықпас дертке шалдықты деген әңгіме желдей есті.

Оны естіген Жігер тыңдармандарына видео-жолдау арнап, аман-есен екендігін жеткізді.

Кейіннен әншінің Ыстанбұлда бейнебаян түсіргені белгілі болды. Алайда Жігердің ауырып қалғаны да рас болып шықты. Тек ел ойлағандай, әнші емі жоқ ауруға шалдықпаған.

Айта кетейік, “Айзере” – Жігердің жеке әнші ретіндегі алғашқы бейнебаяны.

Жіберіп алмаңыз:

Болат Әбділманов әскерге өз еркімен сұранған Әшімовтің жалғыз ұлы туралы айтты

Жігер Ауыпбаев өзі туралы жалған ақпарат таратқан адаммен жаға ұстасып қалды

Қарақат Әбілдина бесінші баласын өмірге әкелді

Кинода Қайрат өмірдегі жұбына қалай қол жеткізгенін көрсетпек

Талқылау