Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Махаббат жетіспеді”: Продюсер Ерке Есмаханның фильмі неге сәтсіз шыққанын айтты

Өткен жылы тырнақалды фильмін көпшілікке ұсынған Ерке Есмахан сәтсіздікке ұшырады. Оның кинопродюсер ретіндегі алғашқы фильмі кеткен шығынды ақтай алмады. Фильм жаппай көрерменнің көңілінен шықты деп айту да қиын. Фильмге продюсерлік еткен Гүлнұр Мамасарипова бұл сәтсіздіктің себебін түсіндірді.

"Махаббат жетіспеді": Продюсер Ерке Есмаханның фильмі неге сәтсіз шыққанын айтты

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтың “Шыны керек” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Ерке кино түсіремін деген кезде Асқарға (ред. Ұзабаев) бардық. Ол бірнеше фильм түсіріп жатқанына қарамастан, келісімін берді. Біз қандай фильм түсіреміз деп ұзақ ойландық. Содан кейін Асқар Еркеге кастинг жасап көрді. Бірнеше “проба” жасады. Жанр бойынша, онда бас кейіпкер деген жоқ. Бірнеше бас кейіпкер бар, Ерке – солардың бірі. Асқар отырғызып қойып: – Ерке, өзіңнің кинодағы тәжірибесіздігіңді мойындайсың ғой? – деді. Ерке мойындады. Ол кезде Ерке ештеңені түсініп тұрған жоқ, шынын айту керек. Бәрінен қорқып, тайсалып тұрды. Бірақ шешінген судан тайынбас деп, әрі кино түсіретінін жариялап қойған”, – дейді Гүлнұр Мамасарипова.

Продюсер Еркенің фильміндегі кемшін тұстарды атап берді. Айтуынша, басты рөлді сомдаған екі кейіпкердің арасындағы махаббат сезімі жеткілікті дәрежеде суреттелмеген.

“Кассаны бөлек қойып, кино ретінде қарасаңыз, “Махаббат кафесі” кәсіби жоғары деңгейде түсірілген фильм. Өзінің жанры, актерлік құрамы бар. Ол жерде махаббат жетіспеді. Оны мен де мойындаймын, алдын ала көрсетілім кезінде көрген команданың бәрі де мойындайды. Оның бәрін көрдік, бірақ түзетуге кеш болды”, – дейді продюсер.

Аталған фильмнің бас продюсері Еркенің өзі болса, Мамасарипова қосымша продюсердің қызметін атқарған. Ол бұл қызметі үшін Еркенің кассадан жиған ақшасына қол сұқпағанын айтады.

“Өзімнің гонорарым бар, оның кассаға да, басқаға да қатысы жоқ. Ол соншалықты көп ақша емес. Алғашқы фильмі болғандықтан, Еркеге көмектестім”, – деп түсіндірді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау