Махачев жартылай орта салмақта чемпион атанды: Шавкат Рахмонов уақыт өткізбей Исламды жекпе-жекке шақырды

Фото: https://x.com/ufc
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, аты әлемге әйгілі ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев UFC 322 турнирінде австралиялық чемпион Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізіп, белбеуін тартып. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Махачев айқын басымдық танытып, қарсыласын жиі партерге ауыстырып, жекпе-жекті толық бақылауда ұстады. Алайда қарсыласын тұншықтыру әдісіне түсіру мүмкін болмады. Австралиялық спортшы барлық әрекеттерден шебер жалтарып отырды.
Нәтижесінде кездесу біржақты өтті: ресейлік өз жоспарын нақты орындап, күрестегі басымдығының арқасында төрешілердің бірауызды шешімімен (50–45) айқын жеңіске жетті.
Ислам Махачев жеңіл салмақтағы белбеуін тастап, жартылай орта салмақта (77,1 кг) бақ сынауға ниет білдірген еді. Бұл дивизионда қазақстандық Шавкат Рахмонов (19–0) да өнер көрсетеді. Енді Махачев — жартылай орта салмақтың жаңа чемпионы.
Уақыт өткізбей қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов желіде жазба жариялап, Махачевті жекпе-жекке шақырды.
"Исламды тамаша өнер көрсеткенімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунтқа дейінгі салмақтағы басты сын-қатер бәрібір мен боламын", – деп жазды Рахмонов әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар Шавкат Рахмоновтың командасы Dar Team-да Махачевтің жеңісіне пікір білдірді.
"Сірә, бәрі осы оқиғаға жақындап келеді, солай ма? Шавкат Рахмонов vs Ислам Махачев", – делінген Dar Team жариялаған жазбада.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді