Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз": Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты ұлдарының ойын бөлісті

сұлтанқызы Фото: Видеодан скриншот

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілі ұлдарымен жиі сырласатынын жасырмады.

“Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлестім. Тым жекеге бармаймын. Ұяламын ба, әлде "өздері біледі ғой" деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтамын. Бұл – мен үшін ең маңыздысы", – дейді ол.



Сондай-ақ тележурналист екінші рет тұрмыс құрса, ұлдарының қарсы болмайтынын да жеткізді.

“Жақында үлкен ұлым "махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз" деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз. Бәлкім жастық әсері шығар, бірақ ересек адамдай әңгіме айтады. Қысқасы, ұлдарыммен достық, сенім және жауапкершілік туралы әңгімелесемін. Ал махаббат – сол әңгіменің ең жылы бөлігі", – деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске салайық, үш жыл бұрын журналистің жолдасы дүниеден өткен еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Қазан, 2025 12:45
Талқылау