Magnum-дағы өзгеріс: Жаңартылған Super форматындағы дүкен несімен ерекше
21 қазанда қаланың ең танымал бағытына айналған Құлжа тас жолында Орталық Азиядағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығы Aport Mall East ашылды. Алматылықтардың сүйікті орнына айналған орталықтың екінші нүктесі бұл жолы кеңдігімен және әртүрлілігімен таңғалдырды. Мұнда көпшіліктің таңдауына айналған Magnum Super супермаркеті де ұлттық нақыштағы көркем дизайнымен, келушілерін қуантты. 18 мыңнан астам түрлі өнімдерді ұсынатын жаңа супермаркет тұтынушыларының тиімді бағада сауда жасауын қамтамасыз етеді. Дүкеннің қалай жұмыс істеп, қаншалықты жайлылық пен әсерлер сыйлайтынын ашып айтайық!
Aport Mall East келушілерге бірегей форматтарды ұсынды. Мұндағы 150 000 шаршы метр аумақта қазақстандық және шетелдік брендтердің тауарлары бар 500-ден астам дүкендер орналасқан.
Солардың бірі еліміздегі ең ірі сауда желісі – Magnum. Оның 240 дүкені бар және 14 мың қызметкерді жұмыспен қамтыған. Супермаркет 5 миллионнан астам келушілерге қызмет көрсетеді. Статистикаға сәйкес, желі тұтынушыларының орташа сатып алу бағасы нарық құнынан 5-7 пайызға төмен.
Magnum желілерінің басшысы Азамат Османов қаланың бұл бөлігіне осындай үлкен сауда орталығы бұрыннан қажет болғанын алға тартты.
"Басты серіктесіміз "Aport "сауда орталығының екінші нүктесінің ашылуына қатысқанымызға қуаныштымыз. Міне, өз тұтынушыларымызға тағы да бір табан жақындай түстік. Ендігі мақсат – күн сайын келушілердің отбасылық бюджетін тиімді жұмсауына көмектесу. Сол арқылы оларға қуаныш сыйлағымыз келеді. Бұл супермаркет толыққанды форматта тамаша жерде орналасқан. Ал осы аймақта қаншалықты сұраныста екенімізді келушілер санына қарап-ақ байқауға болады", - деді Азамат Османов.
Супермаркет ашыла сала алғашқы минуттардан-ақ тұтынушыларға толды. Дүкен сыртындағы заманауи стильдегі қызғылт түсті дизайн да көпшіліктің назарын аударғаны сөзсіз.
Бұл жаңа дизайнды ірі еуропалық сауда желілерімен жұмыс істейтін, танымал украиналық Dzyuba ретейл-ательесі әзірлеген. Ательенің негiзiн қалаушы Юлия Дзюба бүгінде дүкендер үшін тек сауда жасау емес, сонымен қатар тұтынушыларына керемет әсерлер сыйлауы маңызды екенін жеткізді.
"Сауда алаңы өзгеріп келеді. Дүкендер қазір тек тауар сататын орын емес, тұтынушыларға берегей эмоция сыйлай алатын тажірибелі бренд болуы тиіс. Бүгінде Magnum қазақстандық нарықта тек тауарларды ұсынып қана емес, шынайы қуаныш пен ерекше әсер сыйлау арқылы белді орында тұр. Біз Magnum жазуының өзіне шабыттана отырып, әрбір бөлшегі керемет сезімдерге жетелейтін жаңа брендті дүкен кеңістігін жасадық”, – деді Юлия Дзюба.
Мұнда ең бірінші келушілер назарына кіре берістегі алма ағашы түседі. Стильді аспалы құрылым қаланың әлемге әйгілі символы – Алматы апортына құрмет ретінде жасалған.
Magnum-кафеде Дәурен Тасболатовтың "Көшпенділердің мифологиялық санасы" атты арт-панель ерекше назар аудартады. Керемет өнер туындысы Қазақстанның мәдениетімен сусындатылған.
"Мен Magnum үшін ұлттық және заманауи мотивтерді біріктіретін панель жасадым. Осы екі әлемді біріктіру мүмкіндігі туралы ойлап футуризм мен көшпенділердің және үй жабдықтарының киелі мағынасын қосып, ерекше үйлесімділікті ұсынғым келді. Жұмыстың негізгі идеясы - ежелгі көшпенділердің мистикалық, тіпті ғаламшарға қатысты көзқарасын жеткізу болды. Жоғалған құндылықтарды еске түсіруге шабыттанып, ата-баба мұрасы мен арғы тегімізге үңілуді насихаттадым. Сондай-ақ, шығармада ежелгі түркі руна жазуы мен Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты көптеген бейнелер бар. Бұл символдар аңыздар мен ұғымдарды байланыстурыға мүмкіндік береді. Осындай ынтымақтастығымыз жалғасып, болашақ ұрпақты шабыттандыра отырып, өнерді насихаттай аламыз деп үміттенемін", – деп қосты суретші.
Осы тұста Юлия Дзюба Дәурен Тасболатовтың панносы желінің ерекше мақтанышы екенін тілге тиек етті.
“Ұлттық нақыштар 2023 жылы ретейлдің маңызды трендтерінің біріне айналды. Біз тұтынушылармен өзара байланыста болу үшін қазақ халқының оюлары мен бейнелерін пайдалануға тырыстық", – деп толықтырды Юлия.
Дүкеннің жетілдірілген форматына бірнеше маңызды өзгерістер енді. Жаңа фреш-аймағы мен алты өзіне-өзі қызмет көрсету кассасы сауда жасауға келгендерге қолайлы мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар, кеңейтілген ас пісіру аймағында Алматыдағы барлық Magnum дүкендеріне арнап қатпарлы қамырдан жасалған бәліштер пісіріледі.
Желінің басқарушы директоры Игорь Карчевскийдің айтуынша, Magnum тиімді баға жағынан көшбасшы болып қала береді.
"Біз отандық өндіріс тауарларын ұсынуға арналған дүкендер желісін құрып жатырмыз. TOMPI балалар бренді сияқты жеке бренд атауларын дамытуға, дизайн мен түс схемасындағы инновацияларға және,қолжетімді бағаларға баса назар аударамыз. Magnum баға жағынан тиімді көшбасшы болып қала береді. Жаңа супермаркеттің ассортиментінде 18 мыңнан астам өнім бар. Біздің басты міндетіміз 30 пайыздан 50 пайызға дейінгі жеңілдіктерді қоса алғанда, тартымды ұсыныстар арқылы клиенттер сұранысын қанағаттандыру. Өзгерістерді өзге де дүкендерде енгізуді мақсат етіп отырмыз. Бұл тұрғыда серіктестеріміздің қызығушылығы байқалады. Халықаралық нарықта да Magnum белсенді түрде кеңеюде. Жақында Өзбекстанда екі дүкен ашылды. Дегенмен біздің басты мақсатымыз Қазақстан ішінде даму болып қала береді", – деді Игорь Карчевский.
Бай әрі динамикалы дизайн Magnum мұндағы ұсыныстардың сан алуандығын көрсетеді. Супермаркет ішіндегі бөлімдер бір-біріне ұқсамайды. Олар әртүрлі стильде болса да біртұтас тұжырыммен байланысты.
"Біздің басты мақсатымыз – жаңа Magnum-ды таныстыра отырып, оның танымалдығын сақтау. Біз тұтынушыларымыз келген сайын жағымды эмоциялармен жарқын әсерлер сыйлауға тырысамыз. Дүкенде ерекше дизайн концепциясын көрсететін айрықша белгілер мен аспалы шамдар бар. Мұнда заманауи дизайн үлгілері қолданылды. Графит түсті жабдық, қабырғалар мен төбелер, стильді плиткалар және жарықтандыруға баса назар аудару арқылы Magnum әрқашан соңғы трендтерді ұстанатынын көрсетеді. Дүкенде өнімдер туралы анықтамалардан бөлек, келушілердің жағымды көңіл-күйін тудыратын мағыналы жазбалар мен символдар бар. Біз түстер палитрасын өзгерттік, оны заманауи және жеңіл етіп жасап, тұтынушылардың тауарларды жеңіл табуы үшін оларды қолайлы етіп орналастырдық. Бұл элементтердің барлығы жаңа Magnum бейнесін қалыптастырады", - деп қорытындылады Юлия Дзюба.
Алғашқы сатып алушылар жаңа супермаркетке жақсы баға берді.
"Magnum әдеттегідей қуантуда. Біз Magnum-ның тұрақты тұтынушыларымыз. Мұнда баға мен сапа қолайлы. Жаңа дизайн ұнады. Енді мұнда келу эстетикалық жағынан да жағымды болады", - деді көпбалалы ана Нұршат.
Жаңа Magnum Super – жай дүкен ғана емес, сонымен қатар, сауда жасаудың тәжірибе алаңы. Мұнда сатып алушы әртүрлі өнімдер мен тауарларды таңдай отырып, жағымды дизайн мен жайлы атмосфераға ене алады. Magnum үнемі дамуға ұмтылып, тұтынушыларға қамқорлық жасау арқылы нарықта көшбасшылық пен беделін сақтауда.