Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова ұлының есеп шығарып, үш тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

Әнші үш жасар ұлының бірнеше тілде сөйлеп, есеп шығыра алатынын айтып мақтанды.

17818785_346910949040416_6285700443175649280_n

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

Мәдина Сәдуақасова ұлының ерекше қызығушылықтары туралы айтып берді. Үш жасар Әнуар бірнеше тілде сөйлеп, есеп шығарғанды ұнатады екен. Мұнымен қатар, әнші ұлының өз жолын қуғанын қалайтынын жасырмады.

«Отбасыма, халыққа «Әнуар менің жолымды қуып, әнші болмай-ақ қойсын» деп айтамын. Бірақ, жүрегімнің түбінде балам әнші болып қалар деген үміт те жоқ емес. Кейде ыңылдаған даусын тыңдап қалсам да, өзі әнге көп қызыға бермейді. Балалар орталығына барып жүрміз. Сол жерде ұстаздары Әнуарға қойылымдардан рөл ұсынып, ән айтқызғылары келеді. Бірақ, Әнуар есепке жүйрік, ағылшынша, орысша, қазақша жақсы сөйлейді. Үш жаста болса да, аздап есеп шығарады. Іштей қатты тілесем де, балам өнерге жоқ сияқты», – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүслім бірнеше ел қосылып түсіретін фильмде басты рөлді сомдайды

Артур Төлеповке достары тегін бейнебаян түсіріп берді

Қайрат Нұртасқа еліктеген Жігер Ауыпбаев әкесінен жұлдыз жасамақ

Қыдырәлі Болманов Астана әкімінен мадақ сөз естігенін айтып мақтанды

Талқылау