Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова пластикалық ота жасатпауының себебін ашып айтты

Әнші Мәдина Сәдуақасова өнердегі басқа әріптестерімен салыстырғанда плстикалық ота жасатпағанын айтты. Бірақ сыр келбетін өзгерту туралы ой өзін ұзақ жылдан бері мазалап жүргенін жасырмады деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/sadvakasovamadina

Өнер иесі оқырманнен келген: “Пластикалық ота жасату ойыңызда бар ма?” деген сауалға: “Иә, жиі ойлаймын. Қабақ, мұрын, ерін… Ойлап жүргеніме 8-9 жыл болды. Тез шешім қабылдап, ота жасататын жандарға қызыға қараймын. “Не тоқтататады?” дейсіздер ме? Ота сәтсіз аяқталатын кездер де болады. Ал мен мүлдем пластикалық ота жасатып көрмегендіктен қорқамын. Адамдар әр түрлі болады, біреулердің тамырлары жақын орналасады, бас сүйегінің пішіні өзгеше, енді бірінің терісі басқаларға ұқсамайды. Сөйтіп ота жастқанда көзің жабылмай, бетің қисайып қалады. Дәрі-дәрмекке аллергия болса ернің ісіп кетеді. Мұрынды қалпына келтіре алмайсың. Түзеу үшін уақыт керек. Алайда сіз “Дәрігер ешқандай кепілдік бермейді” деген құжатқа қол қойғансыз. Кейін “Нем бар еді?” деп өкінесіз. Көз алдыма осындай көріністер келе береді”, – дейді өнер жұлдызы.

Талқылау